ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
Режеп Тайып Ердоған азаматтар арасындағы діни айырмашылықтарға қарамастан бірлік пен ынтымақтастықтың әлемде белең алған кемсітушілік пен төзімсіздік жағдайында үлгі боларлық екенін айтты.
Президент Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
Президент Ердоған христиандарға Пасха мерекесіне орай құттықтау жолдады / AA

Президент Режеп Тайып Ердоған христиан азаматтарды және бүкіл христиан әлемін Пасха мерекесіне орай мерекелерімен құттықтады.

Әлем бойынша кемсітушілік, мәдени нәсілшілдік пен төзімсіздіктің артып келе жатқанына назар аударған президент Ердоған өз жолдауында мына ойларын орын берді:

«Кемсітушілік, мәдени нәсілшілдік пен төзімсіздік белең алып жатқан бүгінгі таңда қай дінге жататынына қарамастан, барша азаматымыздың көрсетіп отырған бірлігі, берекесі мен ынтымағы бүкіл әлемге үлгі болуды жалғастыруда. Қоғамдық тыныштығымыздың кепілі ретінде саналатын бұл бейбітшілік климатын әсіресе аймағымыз бастан кешіп жатқан қиын-қыстау кезеңде одан әрі нығайтуға ниеттіміз».

Ердоған Түркияның ежелгі төзімділік мәдениеті мен бірге өмір сүру ерік-жігеріне тоқталып, жолдауын былайша түйіндеді:

«Осы ойлармен бір аспан астында ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келген және алдағы уақытта да мәңгі бірлікте болатын христиан азаматтарымызды, сондай-ақ бүкіл христиан әлемін Пасха мерекесімен  құттықтаймын. Бұл мереке аймағымыз бен әлемдегі бейбітшілікке, тұрақтылық пен тыныштыққа септігін тигізсін деп тілеймін».

Христиан күнтізбесінің ең қасиетті күні саналатын және қайта тірілуді нышандайтын Пасха мерекесін батыс христиандары осы жексенбіде тойлап жатыр. Күнтізбелердегі айырмашылықтарға байланысты шығыс шіркеулерінде бұл мереке кейінірек атап өтіледі.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті