САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильдің Голан жоталарынан шегінуін талап етті
123 дауыспен қабылданған қарар Израильдің аннексия жасау әрекетін «заңдық күші жоқ» деп мәлімдеп, оның аймақтық бейбітшілікке кедергі келтіретінін атап өтті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильдің Голан жоталарынан шегінуін талап етті
БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильдің Голан жоталарынан шегінуін талап етті / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Израильдің Сирияға тиесілі Голан жоталарын үздіксіз оккупациялауы мен аннексиясын «заңсыз» деп жариялап, 1967 жылдың 4 маусымында қабылданған шекараға дейін толықтай шегінуін талап еткен қарар қабылдады.

Мысыр ұсынған қарар жобасы сейсенбі күні 123 дауыспен қабылданды.

Қарарда Израильдің 1981 жылдың 14 желтоқсанында оккупацияланған Голан жоталарын басқару туралы шешімінің жойылғаны және заңды күші жоқ екені айтылған.  

Құжат сондай-ақ: «Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау аясында Бас Ассамблея Израильден Сирияның оккупацияланған Голан аймағының барлық жерінен 1967 жылдың 4 маусымында қабылданған шекарасына дейін шегінуін талап етеді», - деп көрсетіп, Израильдің бұл аймақты үздіксіз басып алуы мен аннексиясы өңірдің тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуіне кедергі екендігі атап өтілген.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Сирияның тұрақты өкілі Ибрахим Аляли сейсенбі күні оккупацияланған Голан жоталарының Сирия жері екенін мәлімдеп, Дамасктің оны қайтарып алуға толық құқығы бар екенін айтты.

Сирияның мемлекеттік «Al-Ikhbariyah TV» телеарнасы Алялидің мәлімдемесіне сілтеме жасап,
«Израильмен жүргізілген келіссөздер екі тараптың қауіпсіздік алаңдаушылықтарын шешу мақсатында президент Дональд Трамптың бақылауымен өтті», - деп жазды.

Аляли Сирияның бейбіт және дипломатиялық жолдарды басымдыққа алатынын атап өтті.

Сирия елшісі: «Оккупацияланған Голан жоталары Сирияның жері және елдің оны қайтарып алуға толық құқығы бар», - деді.

Израиль 1967 жылдан бері Голан жоталарын басып алып, Башар Асад режимі күйрегеннен кейін оңтүстік Сириядағы буферлік аймақ пен Хермон тауына қарай жылжыған.

Кейінірек Израиль екі тарап арасындағы 1967 жылы қабылданған бөлу келісімі бұзылды деп жариялады.

Іздеу
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Президент Трамп алдағы уақытта Иранға қатысты  маңызды өзгеріс болатынын айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады