ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
"АҚШ-тың Сирия санкцияларын алып тастауы – адамзат үшін үлкен жетістік"
Қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның Сирияның тұрақтылығы мен қалпына келуіне қолдауын ерекше атап өтті.
"АҚШ-тың Сирия санкцияларын алып тастауы – адамзат үшін үлкен жетістік"
/ TRT World
22 Мамыр 2025

2025 жылғы Катар Экономикалық форумы аясында “TRT World” телеарнасына сұхбат берген Қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның Сирияның тұрақтылығы мен қалпына келуіне қолдауын ерекше атап өтті.

АҚШ-тың Сирияға қатысты санкцияларды алып тастау туралы шешімін Шимшек "адамзат үшін үлкен жетістік" әрі соғыс қиратқан елде бейбітшілік пен өркендеуге қарай маңызды қадам ретінде сипаттады.

Дохада өткен форумда Шимшек тұрақты әрі біртұтас Сирияның аймақтық және жаһандық деңгейдегі маңызын атап өтіп, Түркияның Сирияның қалпына келіп, халықаралық экономикалық жүйеге қайта қосылуына көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Министр сондай-ақ Анкараның Сирияның территориялық тұтастығы мен саяси бірлігіне ұзақ жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқанын еске салды.

Түркияның инвестициялық тартымдылығы

Жаһандық экономикалық тұрақсыздықтарға қарамастан Түркия тікелей шетелдік инвестиция тартуды жалғастырып отыр, ал Қаржы министрі Мехмет Шимшек елдің болашағына деген сенімін сақтап отырғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, соңғы жиырма жыл ішінде макроэкономикалық тұрақтылық пен қуатты экономикалық өсімнің арқасында Түркия шамамен 280 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартқан.

«Бұл көрсеткіш 1980 және 1990 жылдары небәрі 15 миллиард доллар ғана болған», -деді Шимшек.

Шимшек соңғы жылдары инфляцияның тікелей шетелдік инвестиция ағынына кедергі келтіргенін мойындап, сонымен қатар қазіргі экономикалық реформалар бағдарламасына сенім білдірді: «Біз бұл мәселемен қазір айналысып жатырмыз. Макроэкономикалық тұрақтылық пен реформалар арқылы тікелей шетелдік инвестициялардың артуына қолайлы жағдай жасаймыз. Бірақ біз даму жолын жалғастырып, ішкі тәртіпті орнықтыруымыз қажет», - деп түйіндеді ол.

Іздеу
Бейрутта 2 адам қаза тапты
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
Президент Ердоған: «Соғыс ушықпай тұрып тоқтатылуы керек»
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты