ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Әлемдегі қақтығыс саны алаңдатарлық деңгейге жетті
Швецияда жүргізілген зерттеу 2025 жылы мемлекетаралық қақтығыс санының Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең жоғары деңгейге жеткенін көрсетті.
Әлемдегі қақтығыс саны алаңдатарлық деңгейге жетті
Палестина-Израиль қақтығысы

Швециядағы Уппсала университетінің ғалымдары Уппсала қақтығыс деректері бағдарламасының (UCDP) мәліметтерін пайдаланып, 1898–2025 жылдар аралығындағы жаһандық зорлық-зомбылық үрдістерін зерттеді.

Зерттеуде 2025 жылы 65 белсенді қақтығыс тіркелгені атап өтіліп, мемлекетаралық қақтығыс санының қарқынды өсіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең жоғары деңгейге жеткені айтылды.

Зерттеу деректеріне сәйкес, мемлекеттер арасындағы тікелей қақтығыстардың саны 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Онда: «2025 жылы мемлекетаралық қақтығыстар саны 8 болды. Бұл – UCDP 1946 жылы деректер жинай бастағаннан бергі тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Олардың қатарында Украина мен Ресей, Израиль мен Иран, сондай-ақ Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар бар», – делінген.

Зерттеуде 2025 жылы тіркелген 65 қақтығыстың басым бөлігі ел ішіндегі қақтығыстар болғаны, олардың 13-і «соғыс» деңгейіне жеткені хабарланды.

Өткен жылы тіркелген қақтығыстар салдарынан 244 мың 600 адамның қаза тапқаны көрсетілген зерттеуде бұл көрсеткіштің 1994 жылғы Руанда геноцидінен бергі ең жоғары деңгей екені атап өтілді.

Зерттеуде ұйымдасқан зорлық-зомбылық үш санатқа бөлініп қарастырылған. Біріншісі – тараптардың бірі немесе екеуі де үкімет болуы, яғни «мемлекет негізіндегі зорлық-зомбылық», екіншісі – «мемлекеттік емес зорлық-зомбылық», ал үшіншісі – «біржақты зорлық-зомбылық».

Зерттеушілердің бірі Шон Дэвис мемлекетаралық қақтығыстардың айтарлықтай артқаны байқалып отырғанын мәлімдеді.

Зерттеу «Peace Research» журналында жарияланды.

Іздеу
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
АҚШ тікұшағы Араб теңізіне шұғыл қонды
Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Грекияда биліктегі партия мүшелерінің үйлеріне бомбалы шабуыл жасалды
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады
Еуроодақ төрағалығы Ирландияға өтті
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді