ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
Пашинян: «Жақын арада Армениядан Әзербайжанға да экспорт жүзеге асатынына сенімдімін», – деді.
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің энергетикалық стратегиясын қайта қарау барысында Әзербайжанмен қатар көршілес мемлекеттермен электр энергиясы саудасын дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Никол Пашинян журналистерге берген сұхбатында жасанды интеллект саласына салынатын инвестициялар Арменияның энергияға деген қажеттілігін арттыруы мүмкін екенін, сондықтан энергетикалық стратегияға жаңа жағдайларға сәйкес өзгерістер енгізу қажет екенін айтты.

Ол елде күн электр станциялары мен энергия сақтау нысандарын дамытуға басымдық беріліп отырғанын айтып, энергетикалық тәуелсіздік негізгі стратегиялық бағыт ретінде белгіленгенін атап өтті.

Пашинян халықаралық энергия саудасынан толықтай бас тартпайтындарын айтып, «Қажет болған жағдайда электр энергиясын экспорттай аламыз, қажет болса импорттаймыз. Бұған Әзербайжанмен электр энергиясын импорттау және экспорттау бағытындағы ықтимал ынтымақтастық та кіреді. Түркия, Иран, Грузия және басқа да барлық көрші елмен болғандай», – деді.

Пашинян Әзербайжан мамандарының Арменияға барғанын растады. Оның айтуынша, екі ел арасында инфрақұрылым мәселелері бойынша екіжақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Жақын уақытта Әзербайжанға да экспорт басталатынына сенімдімін»

Екі ел арасындағы өзара тауар саудасы да күн тәртібінде тұрғанын айтқан Пашинян: «Өзара тауар саудасы күн тәртібінде. Жақын уақытта Армениядан Әзербайжанға да экспорт басталатынына сенімдімін», – деді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі күн бұрын «AZTV» арнасына берген сұхбатында Арменияға электр энергиясын экспорттай алатындарын, сондай-ақ Армения аумағында электр бағандары орнатылатын орындардың әзербайжандық мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталғанын мәлімдеген еді.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды