ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Киев президент Ердоғанның Украинаға сапарын ұйымдастыру үшін жұмыс істеуде
Нариман Джелялов сапардың күн тәртібі Түркия-Украина арасында еркін сауда келісімін мақұлдау болуы мүмкін екенін айтты.
Киев президент Ердоғанның Украинаға сапарын ұйымдастыру үшін жұмыс істеуде
/ Others

Украинаның Түркиядағы елшісі Киев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның соғыс жүріп жатқан елге сапарын ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Украинаның Анкарадағы елшісі Нариман Джелялов дүйсенбі күні «RBC Украина» ақпарат агенттігіне Киевтің бұл сапарды ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл Ердоғанның соғыс басталғаннан бері Украинаға алғашқы сапары болмақ.

Президент Украинаға соңғы рет 2022 жылдың тамызында шығыстағы Львов қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Джелялов сенім грамотасын тапсыру кезінде Ердоғанмен кездескенін атап өтіп, «Украина президенті Зеленский шақыруды өзі тікелей жеткізді, ал мен өткен айдың басында Түркия президентімен кездескенімде бұл шақыруды қайталадым»,- деді.

Экономикалық қатынас

Джелялов сапардың жүзеге асуы үшін көп күш жұмсалатынын және оның жүзеге асуына әсер ететін көптеген мәселе бар екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы еркін сауда келісімінің мақұлдануы сапардың күн тәртібінде болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Бұл келісім сауда үшін аса маңызды, алайда бәсекелестікке байланысты мәселе туындатуы мүмкін. Бірақ бұл саяси шешім. Владимир Зеленский президент Ердоғанның сапары кезінде келісімнің мақұлдануын ұсынды. Бұл мағыналы қадам болады», - деп қосты елші.

Түркия тарапы Джеляловтың мәлімдемелері туралы әлі пікір білдірген жоқ.

Анкара өткен жылдың тамыз айында Киевпен еркін сауда келісімін мақұлдаған болатын. Түркия Ресей мен Украина арасында араағайын болып, қақтығыстың алғашқы айларында бейбіт келіссөз өткізді. 16 мамыр, 2 маусым және 23 шілде күндері Стамбулда тараптар арасында келіссөз ұйымдастырылған болатын.

Іздеу
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
Ресей 522 украиналықтың мәйітін тапсырып, 33 ресейлік сарбаздың денесін алды
Пәкістан 24 шілдеге дейін Үндістанға өз әуе кеңістігін жапты
Ресей Киевке шабуыл жасады
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Индонезияда 6,7 баллдық жер сілкінісі болды
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
Харк аралы туралы не білеміз?
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ