ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ирактың солтүстігінде 12 түрік сарбазы қаза тапты
Қорғаныс министрі Яшар Гүлер жоғары әскери қолбасшылармен бірге аймаққа барды.
Ирактың солтүстігінде  12 түрік сарбазы қаза тапты
/ AA

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні хабарлағандай, Ирактың солтүстігінде іздеу операциясы кезінде метан газынан он екі түрік сарбазы шейіт болды.

Оқиға жексенбі күні 852 метр биіктіктегі үңгірде, «Пенче-Килит» операциясы аймағында болды. Бұл жерде PKK лаңкестік тобының мүшелері жасырынған болатын.

Операция 2022 жылы PKK лаңкестері шейіт еткен сарбаздың денесін табу мақсатында жүргізілген. Іздеу барысында 19 қызметкер газдан тұншықты. Жалпы қаза тапқандар саны 12-ге жетті.

Түркияның Қорғаныс министрі Яшар Гүлер жоғары әскери қолбасшылармен бірге оқиға орнына барып, шейіт болған сарбаздардың жаназа рәсімдеріне қатысты.

«Біз шейіттеріміздің отбасыларына, Түрік Қарулы Күштеріне және бүкіл халқымызға шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

PKK Түркия, АҚШ және ЕО тарапынан лаңкестік ұйым ретінде танылған және ол қырық жылдан астам уақыт бойы Түркия мемлекетіне қарсы қанды қанды лаңкестік жүргізіп келеді.

Тұрақты қауіп-қатерлерге жауап ретінде Түркия 2022 жылы «Пенче-Килит» операциясын бастады. Бұл операция Ирактың солтүстігіндегі Метина, Зап және Авасин-Басиян аймақтарында террористер жасырынған орындарды нысанаға алды.

Террористік ұйым Ирактың солтүстігін Түркияға қарсы шабуыл жоспарлау және іске асыру базасы ретінде пайдаланады.

Іздеу
ЕО жасанды интеллект жүйелерін реттеу мерзімін ұзартты
Дүбірлі додаға 5 апта қалды
Түрік тілін меңгеру деңгейін анықтайтын e-YDTS емтиханы жақында іске қосылады
Израиль сарбазы Мәриям Ана мүсінін қорлады
“SAHA 2026” көрмесінде озық әскери технологиялар таныстырылды
Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Мәскеуде қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда мобильді интернет өшіріледі
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Президент Ердоған Анкарада Фейсал бен Фархан әл Саудпен кездесті
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті
Израиль шабуылдары жалғасуда
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды