САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Формула 1чемпионы Хэмилтон Газада атысты тоқтатуға шақырды
«Біз енді үнсіз қала алмаймыз», - деген Формула 1 чемпионы Израильдің Газаға жасаған блокадасы салдарынан аштықтан қайтыс болған балалар үшін үн қатты.
Формула 1чемпионы Хэмилтон Газада  атысты тоқтатуға шақырды
/ AA

Формула 1-дің жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон Израильдің Газа секторына жасаған блокадасы мен гуманитарлық көмек орталықтарына жасаған шабуылдары салдарынан аштық пен дұрыс тамақтанбаудан қаза тапқан балалар туралы пікір білдіріп, "Біз енді үнсіз қала алмаймыз" деді.

Бельгиядағы жарыс қарсаңында Хэмилтон әлеуметтік желіде UNICEF-тің жазбасын жариялады. Онда "Шілде айының алғашқы аптасында Газаға жасалған күшейтілген шабуылдар кезінде 100-ден астам бала қаза тапты. Балаларды өлтіру күн сайын жалғасуда. Дереу бітім қажет" деп жазылған болатын.

Хэмилтон өз жазбасында: "Біз енді үнсіз қала алмаймыз" деп атап өтті.

Газа секторына жасалған блокада мен Израиль шабуылдары салдарынан, әсіресе балалар арасында, аштық пен дұрыс тамақтанбаудан өлім-жітім көбейіп жатыр.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні хабарлағандай, 2023 жылдың 7 қазанында басталған Израильдің Газаға жасаған шабуылдары кезінде аштық пен дұрыс тамақтанбаудан қаза тапқан палестиналықтардың саны 120-дан асты, олардың 83-і балалар.

Халықаралық үндеулерді қабылдамаған Израиль армиясы Газаға қарсы қатал шабуылдарын жалғастырып, 59 600-ден астам палестиналықты өлтірді. Үздіксіз бомбалау аймақты қиратты және азық-түлік тапшылығына әкелді.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады