Ибрахим Калын ХАМАС делегациясымен кездесті
Кездесуде Газа бойынша келісімнің екінші кезеңіне өту мәселесі талқыланды.
Калын сенбі күні палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-тың мүшесі, әрі келіссөз делегациясының жетекшісі Халил әл-Хайя және делегация өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Газа бойынша атысты тоқтату жоспарының жүзеге асырылуы талқыланды. Тараптар гуманитарлық көмекті ұлғайту, Рафах шекара өткелін екі бағытта ашу, Газа Ұлттық әкімшілік комиссиясының жұмысын бастау және өзге де мәселелер бойынша үйлесімді түрде әрекет етуге келісті.
Кездесу барысында ХАМАС делегациясы Газада бейбітшілік орнату жолындағы Түркияның араағайын, әрі кепілгер рөліне, сондай-ақ жоспардың екінші кезеңінде Анкараның артып келе жатқан үлесіне байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға алғыс білдірді.
2023 жылдың қазаннан бері Газадағы шабуыл салдарынан (көпшілігі әйелдер мен балалар) 71 мыңнан астам адам қаза тауып, 171 мыңнан астамы жараланғаны хабарланды. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 10 қазанда басталған атысты тоқтату режиміне қарамастан шабуылдар жалғасып, осы кезеңде 481 палестиналық қаза тауып, 1 313 адам жараланған.