ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия БҰҰ-ға Газадағы жағдайдың ескерту екенін айтты
Түркияның БҰҰ-дағы өкілі халықаралық қауымдастықты Газадағы өрескел құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік талап етуге шақырып, геноцидтің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.
Түркия БҰҰ-ға Газадағы жағдайдың ескерту екенін айтты
Түркия БҰҰ-ға Газадағы жағдайдың ескерту екенін айтты / AA

Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Гүлшах Джумуржу Кадер халықаралық қауымдастықтың геноцидке ұласуы мүмкін қатыгездіктерге куә болып отырғанын атап өтіп, Газадағы жағдайдың мұндай аса ауыр халықаралық қылмыстардың қайталануын болдырмауды еске салатын бір ескерту екенін айтты.

Кадер БҰҰ Бас Ассамблеясында Халықаралық геноцид құрбандарын еске алу және құрмет көрсету күнінің 10 жылдығы аясында өткен отырыста «Екінші дүниежүзілік соғыс пен Холокосттан кейін берілген «ешқашан қайталанбасын» деген уәде ортақ ар-ожданға әсер етсе де, халықаралық қауымдастық бүгін геноцидке ұласуы мүмкін қатыгездіктерге куә болып отыр»,- деді.

Газаның ауыр ескерту және қатаң сабақ болып отырғанын мәлімдеген Кадер «өткеннен алған қайғылы сабақ бүгінгі әрекеттерімізге бағыт-бағдар болуы тиіс» екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол халықаралық құқықтың жетекші рөл атқаруы қажеттігін айтты және «геноцид» терминін тар құқықтық мағынасына сай қолдану оны ішкі саяси мақсаттар үшін халықаралық құқыққа және соттардың шешімдеріне қайшы пайдаланбау керектігін ерекше атап өтті.

Түрік өкіл мемлекеттерді бұл терминді саяси мақсатта теріс қолданудан бас тартуға шақырып, әлемде нәсілшілдік, ксенофобия, исламға қарсы өшпенділік, кемсітушілік пен өзгені қабылдамау сияқты үрдістердің күшейіп келе жатқаны жөнінде ескерту жасады.

«Газада байқап отырғанымыздай, ауыр халықаралық гуманитарлық құқықбұзушылықтар  жазасыз қалмауы тиіс»,- деген Кадер мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жауапкершілік пен есеп беру механизмдерінің шешуші маңызға ие екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол ерте ескерту белгілерінің маңызын атап өтіп, БҰҰ жүйесі ішіндегі үйлестіру «ешқашан қайталанбасын» деген уәдені орындаудың негізгі шарттарының бірі екенін айтты.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті