САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Нетаньяхудың ұшағы тұтқындау ордері болғанына қарамастан ХҚС-қа мүше үш елдің әуе кеңістігінен өтті
Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) тұтқындау туралы шешіміне қарамастан сейсенбі күні Нетаньяхудың ұшағы Грекия, Италия және Франция арқылы ұшып өтті.
Нетаньяхудың ұшағы тұтқындау ордері болғанына қарамастан ХҚС-қа мүше үш елдің әуе кеңістігінен өтті
Нетаньяхудың ұшағы тұтқындау ордері болғанына қарамастан ХҚС-қа мүше үш елдің әуе кеңістігінен өтті / Reuters

Ұшу мәліметтеріне сәйкес, Нетаньяхудың ұшағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) тұтқындау ордеріне қарамастан осы сотқа мүше үш елдің әуе кеңістігін кесіп өткен.

“FlightRadar” бақылау сайтының хабарлауынша, Нетаньяху АҚШ-қа барар жолында Грекия, Италия және Францияның үстімен ұшып өткен.

Еске сала кетейік, ХҚС 2024 жылғы 21 қарашада Нетаньяхуды 2023 жылдың қазан айынан бері 72 000-нан астам палестиналық қаза тапқан Газа секторында соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деп айыптап, оны тұтқындауға бұйрық шығарған болатын.

Әуе кеңістігі пайдаланылған үш ел де ХҚС-ты құрған Рим статутына тарап болып табылады және сотпен ынтымақтастық орнатуға, соның ішінде тұтқындау туралы бұйрықтарды орындауға құқықтық тұрғыдан міндетті. Дегенмен бірде-бір мемлекет Израиль ұшағына өз әуе кеңістігін жапқан жоқ.

Бұл бағыт Нетаньяхудың желтоқсан айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін жасаған сапарындағы маршрутына ұқсас. Бұған дейін Израиль басшысы тұтқындалып қалудан қауіптеніп, кейбір елдердің әуе кеңістігінен айналып өтетін. Бірақ өткен жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке барғанда, Нетаньяхудың ұшағы Грекия мен Италия арқылы өтіп, тек Францияның әуе кеңістігінен қашқақтаған болатын.

Сейсенбі күні таңертең Нетаньяху Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион әуежайынан Вашингтонға аттанды. Ол жерде Трамппен Иран мәселесіне назар аударатын келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Бұл сапар АҚШ пен Иран арасындағы Оман астанасы Маскатта өткен жанама келіссөздерден кейін аймақтағы шиеленістің күшеюі мен АҚШ-тың әскери қатысуы артқан тұста жүзеге асып отыр.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»