САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венгрия Халықаралық қылмыстық соттан шығу туралы заң жобасын мақұлдады
Венгрия үкіметі Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қатысты қабылданған шешімдерге наразылық білдіріп, Халықаралық қылмыстық соттан шығу процесін бастағанын мәлімдеді.
Венгрия Халықаралық қылмыстық соттан шығу туралы заң жобасын мақұлдады
/ AP

Венгрия парламенті елдің Халықаралық қылмыстық соттан (ХҚС) бір жыл ішінде шығуын көздейтін заң жобасын мақұлдады. Премьер-министр Виктор Орбанның үкіметі бұл сотты "саяси сипат алған құрылым" деп бағалады.

ХҚС Тарап мемлекеттер Ассамблеясының төрағалығы Венгрияның бұл қадамына байланысты алаңдаушылығын білдірді.

Нетаньяхуды тұтқындау

Халықаралық қылмыстық соттың құрылтайшы мүшелерінің бірі болып табылатын Венгрия 2001 жылы соттың негізін қалаушы құжатты ратификациялағанымен, бұл заң әлі күшіне енген жоқ.

ХҚС-тан шығуға қатысты заң жобасы сейсенбі күні парламентте дауысқа салынып, 134 депутат қолдап, 37-сі қарсы шыққаннан кейін қабылданды.

Премьер-министрдің орынбасары Жольт Шемьен парламентке ұсынған заң жобасында
«Венгрия халықаралық ұйымдардың, әсіресе қылмыстық соттардың саяси ықпал құралы ретінде пайдаланылуын қабылдамайды», – деген жолдар жазылған.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Венгрияның ХҚС-тан шығу шешімін «батыл әрі қағидалы шешім» деп атады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды