САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ басшысы мен Сирия президенті кездесті
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ мен Сирия арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолдарын зерттеген екі тараптыауқымды диалогқа шақырды.
БҰҰ басшысы мен Сирия президенті кездесті
БҰҰ басшысы мен Сирия президенті кездесті / Reuters

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Сирия президенті Ахмед әл-Шара Сириядағы саяси өтпелі кезеңді талқылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі хабарлады.

Гутерриш бұл процесті инклюзивті диалог пен кең ауқымды қатысу арқылы алға жылжыту қажеттігін атап өтті.

Мәлімдемеде сонымен бірге «Бас хатшы сондай-ақ Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтудың маңыздылығын баса айтты», – делінген. Сонымен қатар Гутерриш 1974 жылғы Бөліну келісімінің бұзылуына алаңдаушылық білдірді.

Бас хатшы мен Әл-Шара БҰҰ мен Сирия арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын зерттеп, Таяу Шығыстағы жағдайлар туралы пікір алмасты.

Сирияны 25 жылға жуық басқарған Башар Асад өткен жылдың желтоқсан айында Ресейге қашып, 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталған еді.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді