ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израильдік шенеунік: «Мекке келісімі Израильге қарсы жасалды»
Израильдік министр де бұл келісімді «өте алаңдатарлық жайт» деп бағалаған еді.
Израильдік шенеунік: «Мекке келісімі Израильге қарсы жасалды»
7 тамызда қол қойылған Мекке бірлескен қорғаныс келісімі Израильді алаңдатып отыр

Израильдік шенеунік Мекке ортақ қорғаныс келісіміне қол қойған Сауд Арабиясы, Пәкістан және Түркияның Израильге қарсы біріккенін алға тартты.

ҚатыстыТүркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан «Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне» қол қойды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Аты-жөнін жарияламай «Yedioth Ahronot» газетіне сұхбат берген израильдік шенеунік үш ел 7 тамызда қол қойған Мекке ортақ қорғаныс келісіміне қатысты: «Бұл келісім бізді алаңдатады. Бұл — Израильге қарсы құрылған одақ», – деді.

Ол Мекке ортақ қорғаныс келісімі аймақтағы ауқымды өзгерістердің көрінісі екенін айтып, «Израиль Грекия және Кипрмен қалыптасқан ынтымақтастықты негізге ала отырып, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктерімен де жаңа одақ құруы қажет», - деді.

Шенеунік Израильдің «өте, өте мықты» болуы және басқа елдерді өзіне тәуелді етуі қажет екенін айтып, осы мақсатта елге әскерді ауқымды түрде күшейту бағдарламасы керек екенін мәлімдеді.

Израиль Түркияны қауіп көзі деп санайды

Шенеунік Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Израиль үшін қауіп төндіріп отырғанын алға тартып: «Түркия мен Ердоған мәселесі қауіпті», – деді.

Израильдің Диаспора істері жөніндегі министрі Чикли де Мекке ортақ қорғаныс келісіміне алаңдаушылық білдіріп, Сауд Арабиясының Түркиямен бірге әрекет ете бастауын Израиль үшін «өте қауіпті бетбұрыс» деп бағалаған еді.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты