ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Трамп Газаға түрік әскерін орналастыру мәселесін күн тәртібіне алды
АҚШ президенті Дональд Трамп Нетаньяхумен кездесуі алдында Газаның болашағына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады.
Трамп Газаға түрік әскерін орналастыру мәселесін күн тәртібіне алды
Трамп Газаға түрік әскерін орналастыру мәселесін күн тәртібіне алды / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Нетаньяхумен кездесуі алдында Газаның болашағына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады. Президент Режеп Тайып Ердоғанмен өте жақсы қарым-қатынаста екенін атап өткен Трамп Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылатын Халықаралық тұрақтылық күштері (ISF) аясында түрік әскерлерін аймаққа орналастыру мүмкіндігін Нетаньяхумен талқылайтынын білдірді. Ол бұл қадамның оң нәтиже беруі аймақ үшін пайдалы болатынын айтты.

Бұл келіссөз қазан айында қол жеткізілген атысты тоқтату жоспарының екінші кезеңіне өту талпыныстарымен тұспа-тұс келіп отыр. Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарының екінші кезеңі Израиль әскерінің Газадан толық шығуын, Хамастың қарусыздануын және аймақты басқару үшін палестиналық «технократтық» комитеттің құрылуын көздейді. Алайда Израиль бұл халықаралық күш құрамында түрік әскерінің болуына қарсылық танытып отыр.

Сондай-ақ Израильдің атысты тоқтату келісіміне қарамастан шекара бекеттерін жабық ұстауы 2 миллионнан астам адамға әсер етіп, гуманитарлық дағдарысты одан ары тереңдетуде.

Сонымен қатар Трамп басқа да өзекті мәселелерге тоқталды. Ол АҚШ-тың Венесуэла жағалауындағы есірткі тасымалына қолданылған нысанды жойғанын және бұл базаның енді жұмыс істемейтінін растады.

Президент Николас Мадуромен жақын арада сөйлескенін, бірақ бұдан нақты нәтиже шықпағанын айтты.

Иран мәселесінде Трамп маусым айында соққы берілген ядролық нысандар қайта тұрғызылатын болса, жаңа әрі қатаң шабуылдар басталатынын ескертті. Дегенмен ол Иранмен неғұрлым тиімді келісім жасасу үшін келіссөздерге ашық екенін де жеткізді.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді