ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қытай мен Жапония аралдар жөнінде бірін бірін айыптап отыр
Аралдардың үстінен Қытайдың патрульдік тікұшағы ұшқаннан кейін Жапония наразылық білдірді, ал Қытай Жапония ұшағы өз әуе кеңістігіне кірді деп мәлімдеді.
Қытай мен Жапония  аралдар жөнінде бірін бірін айыптап отыр
/ AP

Сенбі күні Қытай мен Жапония даулы аралдар бойынша бір-бірін айыптады. Токио бұл оқиғаға ресми наразылық білдіріп, Қытай елшісін шақырып, мұндай жағдай қайталанбауын сұрады.

Алайда Қытай тарапы Жапонияның бір азаматтық ұшағының «Қытайдың әуе кеңістігіне заңсыз кіргенін» мәлімдеді.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Қытайдың төрт жағалау күзеті кемесі Сенкаку (Қытайда Дяоюй деп аталады) аралдарының даулы аумақтық суларына еніп, аралдардың әуе кеңістігіне тікұшақ жіберген.

Жапонияның Азия және Мұхит істері бюросының бас директоры Масааки Канаи Қытай елшілігінің миссия басшысының орынбасарын шақырып, «қатты наразылық» білдіріп, мұндай әрекеттердің қайталанбауын «қатаң талап етті».

Қытай шегінбейді

Осыған жауап ретінде Қытай жағалау күзеті өкілі Лю Дэцзюнь кемелердің «заңға сәйкес» жоспарлы патрульде болғанын және жапондық азаматтық ұшақтың «Қытайдың әуе кеңістігіне заңсыз кіргенін» мәлімдеді. Осыған байланысты олар тікұшақ жіберіп, ұшақты қуып жібергенін хабарлады.

«Дяоюй Дао және оған тиесілі аралдар – Қытайдың ажырамас аумағы. Біз Жапония тарапын барлық заңсыз әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз», – деді өкіл.

«Қытай жағалау күзеті Дяоюй Дао сулары мен әуе кеңістігінде құқық қорғау және заңды қорғау операцияларын жалғастырып, Қытайдың аумақтық егемендігі мен теңіз құқықтары мен мүдделерін табанды түрде қорғайды» деп айтылды.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады