ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“Ресей–Украина соғысы аяқталуға жақын”
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың қаңтар айында Вашингтонда украиналық және еуропалық көшбасшыларды қабылдайтынын айтты.
“Ресей–Украина соғысы аяқталуға жақын”
АҚШ президенті Трамп Флоридада Украина президенті Зеленскиймен кездесті. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген кездесуден кейін Ресей–Украина соғысын аяқтау бағытында елеулі ілгерілеу болғанын мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, «Біз үдерістің 95 пайызын талқыладық. Нақты пайызы қанша екенін білмеймін, бірақ бұл соғысты тоқтату жолында өте үлкен ілгерілеу бар. Бұл — шын мәнінде Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең қанды соғыс, тіпті, мүмкін, сол кезеңнен бергі ең ірі соғыс».

АҚШ президенті сондай-ақ соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігер барысында бір-екі «өте күрделі мәселе» қалғанын, олардың бірі қақтығыс кезінде бақылауға алынған аумақтарға қатысты екенін айтты.

Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру мәселесін талқылағанын және Мәскеудің «энергия, электр қуаты және басқа да ресурстарды өте төмен бағамен қамтамасыз етуін қоса алғанда» көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Трамп соңғы бейбітшілік жоспары бойынша ілгерілеу үшін Украина парламентінде сөз сөйлеуді ұсынғанын атап өтіп, «Бұл шынымен қажет пе, жоқ па — білмеймін, бірақ егер айына 25 мың адамның өмірін құртаратын болса немесе соған ұқсас нәтиже берсе, мен мұны жасауға толық дайынмын», -деді.

Зеленский

Зеленский Трамппен және еуропалық көшбасшылармен өткен кездесулерден кейін «Талқыланған барлық мәселені түбегейлі аяқтау үшін алдағы апталарда командаларымыздың бас қосуы жөнінде келістік», - деді.

Сондай-ақ Зеленский Трамптың қаңтар айында Вашингтонда украиналық және өзге де еуропалық көшбасшыларды қабылдайтынын хабарлады.

Трамп Зеленскийді шамамен төрт жылға созылған қақтығысты тоқтату жоспарын талқылау үшін Флорида штаты Палм-Бич қаласындағы Мар-а-Лаго резиденциясында қабылдады.

Зеленский жексенбі күні Канадаға жасаған сапарынан кейін Америка Құрама Штаттарына келген.

Осы арада Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев әлем жұртшылығы Трамптың бейбітшілікке бағытталған күш-жігерін жоғары бағалап отырғанын айтты.

Ресейдің шетелдік инвестициялар мен экономикалық ынтымақтастыққа жауапты арнайы өкілі Дмитриев “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Бүкіл әлем президент Трамп пен оның командасының бейбітшілік жолындағы талпыныстарын жоғары бағалап отыр», - деп жазды. 

ҚатыстыTRT Қазақ - “Украина бітім келісіміне қол жеткізуге жақын”
Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты