ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
COP31 төрағасы Мұрат Курум «D-8» елдерін Газаға күн энергиясымен жұмыс істейтін су тазарту жүйелерін, жылжымалы су құрылғыларын және климатқа байланысты басқа да көмек көрсетуге шақырды.
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Түркия Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум / AA Archive

Түркияда өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі COP31 конференциясының төрағасы Газаның гуманитарлық және инфрақұрылымдық қажеттіліктерін климатқа бағытталған шешімдер арқылы қамтамасыз ету үшін «D-8» ұйымына мүше елдермен бірлескен жобаны шұғыл іске қосуды ұсынды.

Сейсенбі күні Анталия қаласында өткен «D-8» елдерінің климаттық іс-қимыл жөніндегі жоғары деңгейдегі министрлер отырысында сөз сөйлеген COP31 төрағасы, Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум Газаға нақты көмек жеткізу мақсатында «COP31 Анталия–Газа климаттық дәлізін» құруды ұсынды.

Курум қыстың суығы Газадағы соғыс пен қираудың зардаптарын одан әрі ауырлатып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жауын-шашын мыңдаған газалыққа әсер етіп, 40 мыңнан астам отбасының баспанасына зиян келтірген.

Ол жаңбыр суының кәріз суларымен араласуы халық денсаулығына қауіп төндіріп отырғанын, ал медициналық мекемелер, сумен жабдықтау жүйелері мен білім беру инфрақұрылымы әлі де ауыр жағдайда екенін айтты.

Ұсынылған бастама аясында «D-8» елдері Газаға күн энергиясымен жұмыс істейтін жылжымалы су тазарту жүйелерін, медициналық орталықтар мен су инфрақұрылымына арналған автономды энергия қондырғыларын, жылжымалы су құрылғыларын, қоқыс жинайтын көліктерді және қысқы жағдайларға төзімді уақытша баспаналарды жеткізе алады.

Курум балалардың білім алу үдерісі одан әрі үзілмеуі үшін де қолдау көрсетуге шақырды.

Министр гуманитарлық көмек материалдары, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің Газаға кедергісіз жеткізілуі аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның қысқа қажетті заттарды жеткізуді жеделдетуге және инфрақұрылымды қалпына келтіруге шақырғанын еске салды.

Курум «D-8» елдерін әділдік қағидаттарына адалдығын нақты көмек арқылы көрсетуге шақырды. Ол Газада негізгі қызметтерді қалпына келтіру үшін ынтымақтастық туралы мәлімдемелермен шектелмей, нақты әрекет ету қажет екенін айтты.

«D-8» елдерінің климат саласындағы ынтымақтастығын нығайту

Климат саласындағы кең ауқымды ынтымақтастыққа тоқталған Курум COP31 төрағалығы халықаралық міндеттемелерді инвестицияларға, нақты жобаларға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларға айналдыруды көздейтінін мәлімдеді.

Ол 2035 жылға қарай әлемдегі түпкілікті энергия тұтынуындағы электр энергиясының үлесін 35 пайызға жеткізуді мақсат ететін «2035 жылға дейін жаһандық электрлендіру деңгейін 35 пайызға жеткізу жөніндегі міндеттемеге» назар аударды.

Курум 2035 жылға дейін материалдарды қайта пайдалану үлесін кемінде 15 пайыз арттыру және коммуналдық қалдықтардың болжанған өсімін 50 пайыз қысқарту жоспарлары туралы айтты.

 

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр