ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ЕО жасанды интеллект жүйелерін реттеу мерзімін ұзартты
Еуропа одағы мекемелері Одақтың жасанды интеллект туралы заңындағы кейбір ережелерді жеңілдету және жоғары тәуекелді жүйелерге қатысты қолдану мерзімін кейінге шегеру жөніндегі өзгеріс бойынша келісімге келді.
ЕО жасанды интеллект жүйелерін реттеу мерзімін ұзартты
ЕО-ның Жасанды интеллект туралы заңы 2024 жылы 1 тамызда күшіне енді. / Reuters

ЕО Кеңесі мүше елдер мен Еуропа парламенті өкілдері арасында жасанды интеллект ережелеріне енгізілетін өзгеріс жөніндегі келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

Мәлімдемеде жасанды интеллектке қатысты кейбір ережелерді жеңілдетуді көздейтін ұсыныс бойынша келісім жасалғаны, оның ЕО-ның цифрлық заңнама жүйесін және жасанды интеллект жөніндегі үйлестірілген ережелердің орындалуын жеңілдетуді мақсат ететіні айтылды.

ЕО Комиссиясының жоғары тәуекелді жасанды интеллект жүйелеріне қатысты ережелерді қолдану мерзімін 16 айға дейін кейінге шегеруді ұсынғаны айтылды.

Мәлімдемеде ЕО Комиссиясының шағын және орта кәсіпорындарға берілетін кейбір реттеуші қағидаларды кеңейтуді, кей жағдайларда міндеттемелерді азайтуды және Жасанды интеллект кеңсесінің өкілеттіктерін арттыруды да ұсынғаны атап өтілді. Әсіресе жоғары тәуекелді жасанды интеллект жүйелеріне қатысты ережелердің 2026 жылғы 2 тамызда күшіне енуі жоспарланғандықтан бұл құжатқа басымдық берілгені хабарланды.

Жаңа реттеу арқылы адамның келісімінсіз жыныстық немесе жеке сипаттағы контент, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылық материалдарын жасайтын жасанды интеллект қосымшаларына да тыйым салынады.

Жоғары тәуекелді жасанды интеллект жүйелері үшін қолдану мерзімі дербес жоғары тәуекелді жүйелерге 2027 жылғы 2 желтоқсан, ал өнімдерге интеграцияланған жоғары тәуекелді жүйелерге 2028 жылғы 2 тамыз болып өзгертілді.

Мәлімдемеде жасанды интеллект арқылы жасалған контентке қатысты шешімдерді енгізудің өтпелі мерзімі 6 айдан 3 айға қысқартылып, жаңа мерзім ретінде 2026 жылғы 2 желтоқсан белгіленгені айтылды.

Сондай-ақ жасанды интеллект ережелері мен салалық заңнама арасындағы қайшылықтарға бойынша шешім табылғаны хабарланды. Машиналар салалық ережелерге бағынатындықтан олар жасанды интеллект туралы заңның қолдану аясынан шығарылды.

Аталған келісім мүше елдер мен Еуропа парламенті ресми түрде мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

ЕО-ның Жасанды интеллект туралы заңы 2024 жылғы 1 тамызда күшіне енген еді. Жасанды интеллектіні қолдануға кезең-кезеңімен қатаң ережелер енгізетін заңның түрлі баптары әр уақытта қолданысқа енгізіліп жатқан болатын.

Заңға сәйкес, жоғары тәуекелді жасанды интеллект жүйелеріне қатысты міндеттемелер 2026 жылдың тамызында басталады деп болжанған. Бұл келісім арқылы ЕО-ның Жасанды интеллект туралы заңында 2026 жылдың тамызында күшіне енуі жоспарланған жоғары тәуекелді жүйелерге қатысты ережелер кейінге қалдырылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Батыл жаңа әлем: жасанды интеллект арқылы басқару
Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді