ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Дамаскке рейстер 12 жылдан кейін қайта басталды
Дамаскке рейстер шілденің 16-нан бастап қайта басталады.
Дамаскке рейстер 12 жылдан кейін қайта басталды
/ Reuters

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ұлттық әуе тасымалдаушысы келесі айдан бастап Сирияның астанасы Дамаскке рейстерін қайта бастайды.

“Эмирейтс” әуе компаниясы дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, алғашқы рейсінің 16 шілдеде Дамаскке ұшатынын хабарлады.

Компания бастапқыда аптасына үш рейс орындайтынын, ал тамыз айынан бастап бұл санды төртке дейін арттыруды жоспарлап отырғанын білдірді.

“Эмирейтс” әуе компаниясы рейстерді қайта бастау туралы шешімді Сирияның Азаматтық авиация басқармасымен (GCAA) бірлесіп жүргізілген мұқият бағалаудан кейін қабылдағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар компания қазан айынан бастап рейсті күнделікті орындауды жоспарлап отырғанын қосты.

«Эмирейтс Дамаскке рейстерін қайта бастағанына қуанышты және Сирияның алдағы даму жолын қолдауға дайын. Бұл елге инвестиция тарту, жаңа сауда жолдарын ашу және жаһандық нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін маңызды байланыстарды ұсынады», – деді “Эмирейтс” әуе компаниясының төрағасы және бас директоры Шейх Ахмед бин Саид.

2012 жылы әуе тасымалдаушысы Сириядағы Башар әл Асад режиміне қарсы соғыс басталғаннан кейін Сирияға рейстерін тоқтатқан болатын.

Сирияны 25 жылға жуық басқарған Асад желтоқсанда Ресейге қашып, 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталды.

Содан бері ондаған әуе компаниясы Сириямен рейстерін қайта бастайтынын жариялады.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады