ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина шабуылынан екі адам қаза тапты
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, шекара тысындағы шабуылдар күшейген тұста Украинаның ұшқышсыз әуе аппараты Ресейдің Белгород облысына соққы жасап, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Бір тұрғын үйге зақым келді.
Украина шабуылынан екі адам қаза тапты
Украина шабуылынан екі адам қаза тапты / Reuters

Облыс губернаторы дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украинаның ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы нәтижесінде Ресейдің шекаралық аймағы саналатын Белгород облысында екі бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.
Губернатор Вячеслав Гладков «Telegram» желісінде түнде жасалған шабуылдың Украина шекарасының солтүстігінде орналасқан Старый Оскол қаласындағы бір тұрғын үйге тигенін, салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі қирағанын жазды. Ол «Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты», - деді.

Шамамен төрт жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыс аясында Украина Мәскеудің шабуылдарына  жауап ретінде Ресей аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын жіберуде.

Ресей өз кезегінде Украинаның электр және жылу инфрақұрылымын нысанаға алып, ауа температурасы –20 °C-қа дейін төмендеген кезде тұрғындарды жарық пен жылусыз қалдырды.

Жексенбі күні Украинаның орталық-шығысындағы Днепропетровск облысында кеншілер мінген автобусқа жасалған Ресей шабуылы салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты.

 

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты