ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Украинаға қарымта соққы беру мүмкіндігін қарастырған
Украина Қауіпсіздік қызметі 25 шілдеде Каспий теңізінде Ресейге тиесілі мұнай платформасына және Иран мен Ресей арасындағы әскери жүктерді тасымалдауға пайдаланылған кемелерге шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.
Иран Украинаға қарымта соққы беру мүмкіндігін қарастырған
Украинаның Каспий теңізіндегі Иранға қатысы бар кемеге жасаған шабуылынан кейін Иранның қарымта соққы беруді қарастырып жатқаны хабарланды.

Украинаның Каспий теңізінде Иранмен байланысы бар кемеге жасаған шабуылынан кейін Иранның қарымта соққы жасау мүмкіндігін қарастырғаны, алайда белсенді дипломатиялық күш-жігердің арқасында жағдайдың әзірге тұрақтанғаны айтылды.

“The New York Times” газетінің хабарлауынша, 25 шілдеде Украина Каспий теңізінде Иранмен байланысы бар кемеге шабуыл жасағаннан кейін Тегеранның жауап қайтару ықтималдығы қарастырылған.

Басылым ирандық және батыстық ресми тұлғаларға сілтеме жасап, Иранның Украинадағы бір портты нысанаға алуды ойластырғанын жазады. Алайда қарқынды дипломатиялық байланыстардың нәтижесінде жағдай ушықпаған.

Аталған барлау ақпаратымен таныс басқа шенеуніктердің мәлімдеуінше, Иран Украинаға шағын оқтұмсықпен жабдықталған баллистикалық зымыранмен салыстырмалы түрде аз шығын келтіретін соққы беріп, осылайша символдық ескерту жасауды көздеген.

Украина Қауіпсіздік қызметі 25 шілдеде Каспий теңізінде Ресейге тиесілі мұнай платформасына және Иран мен Ресей арасындағы әскери жүктерді тасымалдауға пайдаланылған кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұл шабуылды айыптап, аталған әрекеттің жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сыбига: «Иранның қоқан-лоқысы негізсіз әрі шындыққа жанаспайды. Тегеран режимі Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының тікелей сыбайласы. Ол 2022 жылдан бері украиналықтардың қаза табуына себеп болып келе жатқан қару-жарақ арқылы Мәскеудің қылмыстық соғысын қолдап отыр», – деді.