30 палестиналықтың мәйіті табылды

Қаза тапқандар- бір отбасының мүшелері.

By
Қаза тапқандар- бір отбасының мүшелері. / AA

Газа азаматтық қорғаныс жасақтары қаланың батыс бөлігінде бір үйдің қирандыларының астынан 30 палестиналықтың мәйітін алып шықты.

Жасалған мәлімдемеде қаза тапқандардың Салем отбасы екені және олардың 2023 жылғы 19 желтоқсанда Газа қаласының әл-Римал ауданындағы үйлеріне жасалған Израиль әуе соққысы кезінде қаза тапқаны айтылды.

Азаматтық қорғаныс өкілдері шабуыл салдарынан осы отбасының шамамен 60 мүшесі қаза тапқан болуы мүмкін екенін білдірді.

Азаматтық қорғаныс қызметі мәйіттерді үйінді астынан шығару үшін экскаватор және шектеулі құрал-жабдықпен іздестіру жұмыстарының жалғасатынын хабарлады.

Палестиналық ресми тұлғалардың айтуынша, Израиль күштері Газа аумағының жартысынан астамын басып алған және бітімге қарамастан аймақтың басқа бөліктерінде де шабуылдарын жалғастырып отыр.