САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"
Трамп ХАМАС пен Израиль өзара тұтқын алмаса бастағаннан кейін Израильдің Газаға қарсы соғысы аяқталғанын жеткізді.
Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"
Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды" / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Израильдің қоршаудағы Газаға қарсы соғысы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС жағалаудағы анклавта ұсталған 20 израильдік тұтқынды босатқаннан кейін жасалды.

Бір журналистің соғыстың аяқталып, аяқталмағаны туралы сұрағына жауап берген Трамп қысқаша: “Иә” - деп жауап берді. Бұл мәлімдеме ол Кнессетте сөз сөйлеуге дайындалып жатқан кезде жасалды.

“ХАМАС-тың әскери қанаты Кассам бригадалары дүйсенбі күні 20 тірі израильдік тұтқынды босату процесін аяқтағанын хабарлады”, - деп мәлімдеді Анадолы агенттігінің тілшісі.

Тұтқындар Газа аймағындағы Қызыл Крест ұйымына екі топқа бөлініп тапсырылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС алғашқы жеті тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырды

Трамптың Израиль мен ХАМАС арасындағы 20 тармақтан тұратын бітімгершілік келісіміне сәйкес, израильдік тұтқындарды босату үшін 1 968 палестиналық тұтқын, оның ішінде өмір бойына сотталған 250 адам да босатылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Келісім аясында 1,968 палестиналық тұтқын босатылады

Палестиналық тұтқын медиа кеңсесінің мәліметінше, дүйсенбі күні палестиналық тұтқындарды тасымалдаған автобустар Израиль түрмелерінен Газа мен басып алынған Батыс Шерияға қарай жолға шыққан.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды