ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезия Галанг аралында палестиналықтар үшін аурухана ашпақ
Индонезияның билік өкілдері аурухананың жараланған палестиналықтарды емдеу үшін уақытша шара екенін, ал науқастар сауығып шыққаннан кейін Газаға қайта жеткізілетінін мәлімдеді.
Индонезия Галанг аралында палестиналықтар үшін аурухана ашпақ
/ Reuters

Бейсенбі күні президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеме жариялады. Ол мәлімдемеде Индонезия Галанг аралында қазір бос тұрған медициналық орталықты Газа секторындағы 2 000-ға жуық жаралыны емдеу үшін қайта ашатындарын және жараланғандар сауығып шыққаннан кейін үйлеріне оралатынын атап өтті.

Индонезия Палестинадағы денсаулық сақтау қызметкерлері қоршаудағы аумақта 60 000-нан астам палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдегеннен кейін Газаға гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Баспасөз хатшысы Хасан Насби журналистерге: «Индонезия соғыстан зардап шеккен, жараланған және үйінді астында қалған 2 000-ға жуық Газа тұрғынына медициналық көмек көрсетеді», – деді. Сондай-ақ бұл эвакуация емес екенін баса айтты.

Хасан Суматра аралының жағалауында әрі Сингапурдың оңтүстігінде орналасқан Галанг аралындағы уақытша аурухананың зардап шеккен Газа тұрғындарын емдеу және отбасыларының уақытша тұру үшін қолданылатынын, науқастар сауығып кеткеннен кейін Газаға қайтарылатынын мәлімдеді. Қазір бұл аймақтың бос екенін атап өтті. Баспасөз хатшысы бұл жоспардың мерзімі туралы мәлімет бермеді.

Бұл жоспар президент Прабово Субиантоның жараланған палестиналықтарға баспана беру ұсынысының Дональд Трамптың палестиналықтарды Газадан біржола көшіру туралы ұсынысына ұқсас деп сынға алынғаннан кейін жасалды.

Индонезия Сыртқы істер министрлігі Трамптың ұсынысына жауап ретінде Израиль-Палестина қақтығысын шешуде екі мемлекетті шешімді қолдайтынын, палестиналықтарды күштеп көшіруге бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде айыптайтынын мәлімдеген болатын.

Бұл аурухана 2020 жылы COVID-19 пандемиясынан зардап шеккендерді емдеу үшін Галанг аралында ашылды. Бұл арал 1996 жылға дейін БҰҰ-ның басқаруында болып, Вьетнам соғысынан қашқан 250 000 адамды қабылдаған ірі босқындар лагері ретінде пайдаланылды.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді