ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ-та жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады
Қаза тапқандардың арасында «NASCAR»-дың бұрынғы жүргізушісі Грег Биффл мен жұбайы және екі баласы бар.
АҚШ-та жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады / AP

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Солтүстік Каролина штатында жекеменшік ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан жеті адам қаза тапты. Араларында бұрынғы автожарысшы да бар.

Жергілікті билік өкілі Даррен Кэмпбелл бейсенбі күні «AFP» агенттігіне берген сұхбатында «Ұшақта барлығы жеті адам болған, олардың барлығы қаза тапты», - деді.

Солтүстік Каролина штатының Жол-патрульдік полициясының хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай ұшудан бас тартып, қайтадан ұшу-қону жолағына оралуға тырысқан кезде құлаған. Ұшақ Шарлотта қаласының солтүстігінде орналасқан Стейтсвилл әуежайынан ұшып шыққан.

Қаза тапқандардың арасында «NASCAR»-дың бұрынғы жүргізушісі Грег Биффл, оның жұбайы Кристина Гроссу Биффл мен екі баласы да бар екенін досы әрі Республикашыл партияның Конгресс мүшесі Ричард Хадсон мәлімдеді.

Хадсон апаттан кейін әлеуметтік желіде «Грег, Кристина және олардың балаларының қазасы мені қатты күйретті. Олар өмірін өзгелерге көмектесуге арнаған жандар еді», - деп жазды.

АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі апатты тергеу үшін арнайы топ жіберетінін хабарлады.

20 жылдық мансабында «Cup Series» санатында 19 жарыста жеңіске жеткен Грег Биффл келесі апта 56 жасқа толар еді. Ол соңғы рет 2022 жылы Талладегада өткен «Geico 500» жарысына қатысқан болатын. 2023 жылы «NASCAR» тарихындағы ең үздік 75 жүргізушінің қатарына енген.

Тікұшақ иесі, әрі ұшқыш болған Грег Биффл 2024 жылдың қыркүйегінде «Хелен» дауылы кезінде Солтүстік Каролинаның батысында қалып қойған адамдарға өз тікұшағымен көмек көрсеткен.

Іздеу
Газаға үш жылда 223 мың тонна бомба тасталды
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді