Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкарды қабылдады.
Әзербайжан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Әлиев ресми кездесулер өткізу үшін Бакуге келген Джайшанкармен жүздесті.
Әлиев бұл сапардың екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйін бағалап, алдағы даму мүмкіндіктерін талқылау үшін маңызды екенін айтты.
Кездесуде Әзербайжан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы талқыланып, екі тарапқа да тиімді салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екені атап өтілді.
Сондай-ақ Әзербайжан мен Үндістанның Жаһандық Оңтүстік елдері ретінде халықаралық күн тәртібіндегі, әсіресе осы елдердің мүдделеріне қатысты бірқатар мәселе бойынша ортақ ұстанымдары бар екені айтылды.
Осы орайда саяси, экономикалық және сауда қатынастарын нығайту, жоғары технологиялар, мәдениет, гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесуде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына да назар аударылды. Екі ел арасындағы байланыстарды нығайту үшін саяси кездесулерді жиілету, түрлі деңгейдегі өзара сапарларды, соның ішінде экономика және бизнес өкілдерінен құралған делегациялардың сапарларын жалғастыру қажеттігі атап өтілді.





















