ТҮРКИЯ
3 Мин оқу
Eмине Ердоған: «Отбасы — қоғамның іргетасы»
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Eмине Ердоған Халықаралық отбасы форумы аясында отбасы құндылықтарын қорғау жолында жаһандық ынтымақтастыққа шақырды.
Eмине Ердоған: «Отбасы — қоғамның іргетасы»
/ User Upload
23 Мамыр 2025

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Eмине Ердоған Халықаралық отбасы форумы аясында өткен салтанатты кешкі ас кезінде дәстүрлі құрылымдарға төнген қауіп-қатерлерге назар аударды және отбасы құндылықтарын қорғау жолында жаһандық ынтымақтастыққа шақырды.

Отбасына қатысты мәселелердің барша халыққа ортақ екенін атап өткен Eмине Ердоған «Бұл — барлығымызға ортақ мұң, ортақ алаңдаушылық. Отбасыларға төнген қауіп күшейіп тұрған осы уақытта бәріміз отбасыны сақтап қалуға ниеттіміз», - деді.

Ол форумның «осы ортақ мақсатқа жетуге бағытталған берік ынтымақтастықтың алғашқы қадамы» екеніне сенім білдірді.

Қоғамның іргетасы

Eмине Ердоған отбасын қоғамның іргетасы деп сипаттап, оның құндылықтардың, қауіпсіздіктің және ұлттық бірегейліктің бастауы екенін айтты.

«Гүлдің тамыр тартуы үшін оны суға қоятынымыз сияқты отбасы да өркениет мұрасы тамыр тартатын көне су», - деді ол.

Eмине Ердоған "жаһандық қауіптер" дәстүрлі отбасы құрылымын іштей үгітіп бара жатқанын, бұл қауіптің "іштен алынған қамал" секілді әрекет етіп, әсіресе балалар санасының нысанаға алғанын ерекше атап өтті.

Ол үкіметтерді отбасын қорғауға бағытталған саясаттарды күшейтуге шақырып, «Отбасы — бүкіл әлем қоғамдарының ортақ құндылығы, барлық діндер үшін қасиетті ұғым», - деді.

Түркия 2025 жылды «Отбасы жылы» деп жариялады

Eмине Ердоған 2025 жылдың Түркияда «Отбасы жылы» деп жарияланғанын хабарлап, елдің отбасылық бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларына назар аударды. Олардың қатарында некеге және бала тәрбиесіне қолдау көрсету бағдарламалары, қамқоршылық отбасы жүйесі, сондай-ақ ЮНИСЕФ тарапынан жоғары бағаланған «Жүрек Елшілері жобасы» бар екенін атап өтті.

Eмине Ердоған Түркияның тамыры терең мәдени құндылықтарына тоқталып, «Түрік мәдениетінің өзегі  ұрпақтар бірге өмір сүретін кең отбасы моделінде жатыр», - деді.

Гарвард университетінің зерттеуін мысалға келтіріп,  «Адамның бақыт құпиясы — берік әрі тұрақты қарым-қатынастар құра білуінде.» - деп жалғастырды ол.

Дүниежүзіндегі қайғы-қасіретке де тоқталған Eмине Ердоған: «2023 жылдың 7 қазанынан бері Палестинада 2 мыңнан астам отбасы түгелімен жойылды», - деп, халықаралық қоғамдастықты бұл дағдарысқа назар аударуға шақырды.

Отбасы мен қоршаған ортаға қатысты міндеттемелер

Форум бағдарламасы аясында 15 елдің өкілдері 78-ші БҰҰ Бас Ассамблеясында алғаш рет жарияланған Жаһандық «Нөлдік қалдық» Ізгі Ниет декларациясына қол қойды.
Палестина, Нигерия, Сенегал, Малайзия, Қырғызстан және өзге елдердің министрлері мен жоғары деңгейдегі өкілдері өз міндеттемелерін ресми түрде білдірді.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ осы маңызды күні Eмине Ердоғанға «отбасы шежіресі» бейнеленген көркем туындыны сыйға тартты.

Кейінірек Eмине Ердоған әлеуметтік желідегі жазбасында: «Отбасы — адамзаттың ең көне, ең асыл әрі ең қымбат қазынасы. (…) Осы сеніммен Халықаралық отбасы форумы аясындағы салтанатты кеште дүниенің түкпір-түкпірінен келген мәртебелі министрлермен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен жүздескеніме қуаныштымын», - деді.

27 елдің министрінің қатысуымен бейсенбі күні Стамбулда басталған Халықаралық отбасы форумы «Отбасымыз — болашағымыз» тақырыбымен өтуде.

Екі күнге созылатын бұл іс-шара Түркия Республикасының Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің қолдауымен  елдің “2025 жыл — Отбасы жылы” бастамасы аясында ұйымдастырылуда.

Форумның жабылу рәсімінде Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөз сөйлеуі жоспарланды.

Іздеу
Түркияның оқу-жаттығу ұшағы «HÜRJET» «TEKNOFEST 2025» көрмесінде көздің жауын алды
Президент Түркияның күміс жүлде алған баскетбол және волейбол құрамаларын қабылдады
«Біз мұсылман ретінде Шығыс Иерусалимдегі құқықтарымызды қорғауды жалғастырамыз»
“TEKNOFEST” Стамбулда басталды
«Израиль - хаоспен қоректенетін күйретуші режим»
Вице-президент Джевдет Йылмаз Қырғызстанға барады
Президент Ердоған Дохада өткен саммитте  Израильді айыптады
Армения Түркияның Ағры тауының суретін паспорт мөрінен алып тастады
Түркия мен Әзербайжан қарулы күштер реформасын талқылады
Түркия соты негізгі оппозициялық партияға қарсы сотты кейінге қалдырды
Түркия президенті Ердоған Катарда
Түркияның ерлер баскетбол командасы күміс медаль алды
Түркия президенті "TOGG" компаниясының T10F көлігін қабылдап алды
Израильдің Сириядағы түрік күштерін нысанаға алғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды
Түркия Конго Демократиялық Республикасына террорлық шабуылға байланысты көңіл айтты
Италияға іссапармен баратын Хакан Фиданның күн тәртібінде не бар?