ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Катарда жиналған ХАМАС жетекшілеріне шабуыл жасады
Катар өз аумағына жасалған Израиль шабуылын «қорқақтық» деп атап, дереу айыптады.
Израиль Катарда жиналған ХАМАС жетекшілеріне шабуыл жасады
/ Reuters


“Reuters” агенттігі Израильдің ХАМАС-тың жоғары басшылығын нысанаға алғанын растады, алайда шабуыл орны жайлы дерек бермеді.

Катар медиасында ел астанасы Дохада жарылыстар естілгені жөніндегі хабардан кейін аспанды түтін басқаны айтылды.

Бір израильдік жоғары лауазымды тұлға жергілікті басылымдарға берген мәлімдемесінде шабуылдың ХАМАС жетекшісінің орынбасары Халил әл-Хайя мен жоғарғы деңгейлі өкіл Захир Джабаринді нысанаға алғанын айтты.

Саудиялық “Al Arabiya” арнасына сәйкес, ХАМАС-тың бас келіссөз жүргізушісі әл-Хайя Катардың Доха қаласында Израиль ұйымдастырған шабуылда қаза тапқан.

Израильдік ресмилер “Reuters”-ке берген түсініктемесінде шабуылдың Катардағы ХАМАС жетекшілеріне бағытталғанын, бірақ шығындар мен ауқымы туралы нақты мәлімет жоқ екенін жеткізді.

ХАМАС дереккөздеріне сүйенген “Al Jazeera TV” келіссөз тобы Дохада АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы бітім ұсынысын талқылап отырған сәтте шабуыл жасалғанын хабарлады.

Катар өз аумағында жасалған бұл шабуылды «қорқақтық» деп атап, дереу айыптады және оның «халықаралық құқықты ашық бұзу» екенін айтты. Сондай-ақ оқиғаға байланысты «ең жоғарғы деңгейде» тергеу басталғанын қосты.

Осы арада Израильдің “Channel 12” арнасы Трамптың Катардағы ХАМАС басшылығына қарсы операцияға «жасыл жарық» бергенін бір израильдік ресми өкілдің айтқанын хабарлады. Ресми тұлға шабуыл алдында Вашингтонның хабары болғанын атап өткен.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді