ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Стамбулда Палестинаны қолдау шеруі өтті
Діни және азаматтық көшбасшылардың бастамасымен өткен «Үнсіз қалмаймыз» шеруіне 400-ден астам қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Стамбулда Палестинаны қолдау шеруі өтті
Стамбулда Палестинаны қолдау шеруі өтті / TRT World

Он мыңдаған адам Стамбулдың түкпір-түкпірінен Палестинаны қолдау және палестиналықтарға қарсы соғысты тоқтатуды талап ету үшін жиналды. «Үнсіз қалмаймыз, Палестинаны ұмытпаймыз» атты шеруді Гуманитарлық көмек альянсы мен Ұлттық ерік-жігер платформасы ұйымдастырып, 400-ден астам үкіметтік емес ұйымның басын қосты.

Бейсенбі күні шерушілер Айя-София мешіті, Сұлтанахмет, Фатих, Сүлеймание және Еминөнүндегі Жаңа мешіт сияқты ірі мешіттерде таң намазын оқыды. Кейін Галата көпіріне қарай бет алды. Олар Түркия мен Палестина туларын желбіретіп, кефие тағып, «Стамбулдан Газаға, қарсылыққа мың сәлем!» және «Палестина азат болсын!» деп ұрандатты.

Жиналған қауымға үн қатқан Билал Ердоған азаматтар арасындағы бірліктің күшейгенін атап өтіп, «Жыл сайын шеруге қатысушылардың саны көбейіп келеді, бүгін бір ұлт ретінде ортақ құндылықтарымыздың мықты күшін сезінудеміз», - деді. Ол Иерусалим мен палестиналықтар үшін азаттық тілеп, дұға жасады.

Шеруге Түркияның Әділет және даму партиясының Стамбулдағы төрағасы Абдуллах Өздемир, сондай-ақ «ÖNDER» қоғамының төрағасы Абдуллах Джейлан бастаған діни және азаматтық көшбасшылар қатысты.

Қатысушылар «Палестина үшін әділет ˗ әлем үшін ар-ождан» деген жазуы бар плакаттар ұстап, Израильдің қатаң әрекеттерін айыптайтын ұрандарды жиі айтты. Еріктілер жол бойында шай, сорпа және симит таратты.

Полиция шеру бағыты бойында қатаң қауіпсіздік шараларын қолданды. Ұйымдастырушылар митингті палестиналықтарға көрсетілген қолдаудың бейбіт көрінісі деп бағалады.

Көптеген қатысушы 2026 жыл әділет, бейбітшілік әкеліп, Газадағы азаптың тоқтауына үміт білдірді. Сондай-ақ бұл шараның Стамбулдан бүкіл әлемге жолданған «ынтымақ үндеуі» екенін айтты.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді