САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль полициясы  шетелдік телеарналарға рейд жүргізіп, “TRT Arabi” жабдықтарын тәркіледі
Израиль билігі Иранның зымыран шабуылдары кезінде “қауіпсіздік тұрғысынан маңызды нысандар тікелей эфирде көрсетілді” деген себеппен “TRT Arabi” және басқа да бірнеше телеарнаның жабдықтарын тәркіледі.
Израиль полициясы  шетелдік телеарналарға рейд жүргізіп, “TRT Arabi” жабдықтарын тәркіледі
/ Reuters

Израиль полициясы Хайфада шетелдік тележурналистер жұмыс істеген кейбір орындарға, соның ішінде TRT Arabi тобына да рейд жасап, олардың техникаcын тәркіледі.
Бұл әрекет Израильдің ультраоңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің шетелдік телехабарлар “мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді” деген мәлімдемесінен кейін болды. Ол полиция мен барлау қызметтеріне мұндай хабарларды тоқтату туралы нұсқау берген болатын.
Израиль полициясы бұл операцияның Бен-Гвир ұстанған “нөлдік төзімділік” саясаты аясында жасалғанын және рейдтің нақты шағым негізінде жүргізілгенін мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, Хайфадағы қонақүй бөлмесіне жасалған тінту кезінде бірнеше адамның камераларын қала портына бағыттағаны анықталған.

Полиция сондай-ақ жабдықтары тәркіленген журналистердің жауап алу үшін шақырылғанын хабарлады.
“TRT Arabi” мен Мысырдың “Al-Ghad TV” редакциялары өз қызметкерлерінің жұмыс орындарына тінту жүргізілгенін және техникалық құралдарының тәркіленгенін растады.
Таңертең ультраоңшыл министр Итамар Бен-Гвир Израильдің ішкі барлау қызметі Шин Бетке шетелдік телеарналарға қарсы шара қолдану туралы үндеу жасады.
Ол Израиль армиясы тарапынан цензура жөніндегі нұсқаулықтар жарияланғанын айтып, зымыран шабуылдарының кадрларын тікелей эфирде көрсету “қылмыс” деп бағаланатынын, осыған байланысты полицияға араласу жөнінде бұйрық бергенін жеткізді.
15 маусым күні таң ата Иранның жасаған шабуылы кезінде зымырандардың бірі Хайфадағы мұнай өңдеу зауытына тиген.
“Al Jazeera” телеарнасы бұл сәтті тікелей эфирде көрсеткен. Оқиға израильдік БАҚ тарапынан сынға ұшырап, зауыттағы жұмыс зақымға байланысты уақытша тоқтатылған.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?