ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Ресей-Украина арасында жаңа бейбіт келіссөз жүргізілуі мүмкін
Хакан Фидан Қаратеңіз Астық бастамасы, 2022 Стамбул келіссөздері мен көптеген тұтқын алмасуды қарастыратын Түркияның Ресей-Украина соғысындағы бітімгершілік күш-жігерін атап өтті.
Ресей-Украина арасында жаңа бейбіт келіссөз жүргізілуі мүмкін
/ AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздердің жаңа кезеңі күтілетінін мәлімдеді.

Фидан екі тарап та диалогсыз келісім болмайтынына келіскенін айтты.

Сейсенбі күні «TRT Haber» арнасына берген сұқбатында Фидан соғыстың енді тек екі ел арасында ғана емес, халықаралық актерлердің қатысуымен жаһандық қақтығысқа айналғанына назар аударды.

Соғысқа қарсы ұстанымын қайталаған Фидан қақтығыстың адами және экономикалық дағдарысына тоқталып, бір миллионнан астам адамның қаза тапқанын немесе жараланғанын және ірі қалалардың қирағанын еске салды.

Анкараның бейбітшілік жолындағы талпыныстарын еске салған Фидан мысал ретінде Қаратеңіз астық бастамасын, 2022 Стамбул келіссөздерін және көптеген тұтқын алмасуды айтты.

Трамп дәуірінде атысты тоқтату қарқынының артқанын білдірген ол Мәскеу мен Киевке жасаған іссапарларын да еске салды.

Сонымен қатар Фидан 2 маусымда өткен кездесудің жақсы ортада өткенін және мыңнан астам адамның қатысуымен жаңа тұтқын алмасу туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Түркияның тұрақты бейбітшілік үшін талпыныстары

Екі жақтың да атысты тоқтату шарттарына байланысты құжат тапсырғанын атап өткен министр тараптардың ықтимал көшбасшылар саммиті жөнінде пікір алмасқанын және келесі келіссөздері үшін қайтадан бас қосуға келіскендерін айтты.

«Қазіргі жағдай мен психологиялық ортаны және соғыс психологиясын ескерсек, бұл шынымен де ең жоғары деңгейдегі кездесу болды. Ең бастысы - осы үстел басында қалу және атысты тоқтату мен бейбітшілікке деген әрекетті жалғастыру. Бұл біздің тараптарға кеңесіміз. Бұл келіссөздің Түркияда болуы немесе болмауы маңызды емес. Бірақ олар бір араға жиналып, сөйлесуді жалғастыру керек», - деді ол.

Фидан президент Режеп Тайып Ердоғанның ықтимал көшбасшылар саммитін өткізуге дайын екенін атап өтіп, үш тарап та сенім артқан жалғыз көшбасшы Ердоған екеніне тоқталды.

Министр «Ашығын айтсақ, аталған үш басшы танитын, сенетін және арқа сүйейтін басқа бірі жоқ. Өткізілетін орын табылады. Саяси көшбасшы ретінде жаһандық деңгейде мұндай ұстанымда, жылдар бойы күрескен, адалдық, сенімділік және басқаратын мекемелердің кәсібилігі жоғары басқа көшбасшы жоқ» деді.

Фидан сондай-ақ алдағы келіссөздерде ілгерілеушілік байқалса, Ресей мен Украина басшыларының бетпе-бет кездесулері сөзсіз болатынын айтты.

Фидан Украинаға АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден кезінде басталған көмектің әлі де жалғасып жатқанын, бірақ бірнеше ай ішінде аяқталуы күтілетінін айтып, президент Дональд Трамптың шешімі қақтығыстың бағытын өзгерте алатынына назар аударды.

Сирияда лаңкестікпен күресу

Хакан Фидан ДАИШ Түркия, Ирак, Сирия, Иордания және Ливанды қамтитын террор ұйымымен күресу үшін жаңадан құрылған механизмге тоқталды.

Сондай-ақ бірнеше апта бұрын Иордания мен Сирия Сыртқы істер министрлері Анкарада жиналып, әскери және барлау делегациялары арқылы барлау және операциялық топтың жұмысын бастау туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Иордания, Сирия және Түркиядан құралған топ ДАИШ-ке қарсы ұяшықты іске қосты. Бұл шынымен де аймақтық қауіпсіздік үшін маңызды қадам», - деді ол.

Фидан 10 наурыз күні Сирия үкіметі мен Сирияда SDF (Сирия демократиялық күштері) деген атпен әрекет еткен PKK/YPG террор ұйымы арасында қол қойылған интеграция келісімінен кейін маңызды ілгерілеушілік болмағанын, бірақ сахна артында маңызды оқиғалардың болғанын мәлімдеді.

«Біз Дамаск, Анкара және Вашингтон арасындағы келісімді одан әрі орнату арқылы, Құдай қаласа, бұл індетті еш қиындықсыз жеңудің жолын табамыз және осы мақсат жолында ілгерілеудеміз», - деді Сыртқы істер министрі Фидан.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті