ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды
Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум Германияның Бонн қаласында өткен жоғары деңгейдегі климат саммиті барысында «COP31 конференциясын өткізетін ел» келісіміне қол қойды.
Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды
Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды / AA

Түркия осы күзде БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі «COP31» конференциясын өткізуге қатысты келісімге Германияның Бонн қаласында өткен кездесуде қол қойды.

Министрліктің «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі хабарламасына сәйкес, Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі әрі «COP31» конференциясының төрағасы Мурат Курум Бонндағы Климаттың өзгеруі жөніндегі конференция аясында ұйымдастырылған қол қою рәсіміне қатысты.

ҚатыстыTRT Қазақ - COP31 Түркияда өтеді

Курум бұл хаттамаға БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысы Саймон Стиллмен бірге қол қойды.

Инклюзивті үдеріс

Қол қою рәсімінен кейін министр Түркияның БҰҰ хатшылығымен сындарлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетінін мәлімдеді.

Боннға сапары барысында Курум қараша айында Түркияда өтеді деп жоспарланған «COP31» климат конференциясын ұйымдастыру үдерісіне қатысты бірқатар кездесу өткізді.

Ол Африка климаттық келіссөздер тобының, Шағын арал мемлекеттері одағының 11 елден тұратын тобының, Латын Америкасы мен Кариб елдері тобының және Араб елдері тобының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ Германияның Қоршаған орта, климаттық іс-қимыл, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасары Йохен Фласбартпен келіссөз жүргізді.

Тараптардың ұсыныстары мен талаптарын тыңдаған министр ешкім шеттетілмейтін, барлық тараптың қатысуын қамтамасыз ететін «COP» үдерісі үшін жұмысты жалғастыра беретіндерін атап өтті.

«COP31» конференциясы Түркияның ұйымдастыруымен 9–20 қараша аралығында Анталияда өтеді.

Іздеу
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді