ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық олардың өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігін, физикалық және психологиялық жағдайын, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін шектейді.
Түркияда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Түркияда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ / AA
26 Қараша 2025

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты әйелдің физикалық, жыныстық, психологиялық немесе экономикалық тұрғыдан зардап шегуіне әкелетін қасақана жасалған әрекеттер ретінде анықтайды. Мұндай зорлық-зомбылық үйде, жұмыс орнында немесе қоғамның кез келген жерінде болуы мүмкін.

Түркияда әйелдер зорлық-зомбылығымен күресудегі ұлттық саясат пен стратегияларды үйлестіру Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің Әйел мәртебесі жөніндегі бас басқармасына жүктелген.

Осы мәселе бойынша министрліктің мамандандырылған қызмет бөлімшелері жұмыс істейді.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және мониторинг орталықтары  (ŞÖNİM)

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және мониторинг орталықтары ˗ зорлық-зомбылықтың алдын алу және қорғану шараларын тиімді жүзеге асыру мақсатында бақылау және қолдау қызметтерін көрсететін әлеуметтік қызмет ұйымдары.

Бұл орталықтарда зорлық-зомбылық құрбандарына психоәлеуметтік қолдау, құқықтық көмек, білім беру, медициналық және экономикалық қолдау, сондай-ақ әйелдерге арналған арнайы баспаналарға орналастыру сияқты қызметтер көрсетіледі.

Бұл орталықтар Түркияның 81 өңірінде 86 мекеме арқылы қызмет көрсетеді.

Әйелдерге арналған арнайы қонақүйлер

Әйелдерге арналған қонақүйлер ˗ зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен олардың балаларын қорғауды мақсат ететін тәулік бойы жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет ұйымдары.

Бұл мекемелер баспанамен қатар, әйелдердің психоәлеуметтік және экономикалық мәселелеріне шешім табуына көмектесіп, олардың мықты болуына қолдау көрсетеді.

әйелдерге арналған министрлікке қарасты 112 қонақүй жұмыс істейді және осы қызметті пайдаланғысы келетіндер өтініштерін Зорлық-зомбылықтың алдын алу және мониторинг орталықтары  арқылы бере алады.

Әлеуметтік қызмет орталықтарының зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі байланыс пункттері

Министрлік аудан деңгейінде Зорлық-зомбылықтың алдын алу және мониторинг орталықтарымен бірге қызмет көрсетіп, зорлық-зомбылық құрбандарына бағыт-бағдар беру мен кеңес беру қызметтерін ұсынатынын хабарлады. Осы аяда ел бойынша 432 байланыс нүктесі жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ құрбандарды қолдау жүйелері арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте жедел өтініш беру және шұғыл араласу мүмкіндігі қамтамасыз етілетіні де айтылды.

«Alo 183» ˗ Зорлық-зомбылықпен күрес желісі

Зорлық-зомбылық құрбандарына тәулік бойы (24/7) жүгіну мүмкіндігін ұсынатын «Alo
183» желісі арқылы шұғыл көмек, бағыт-бағдар беру және кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

Әйелдерді қолдау («KADES») мобильді қосымшасы

«KADES» ˗ смартфондарға жүктелетін және тек әйелдердің пайдалануына арналған мобильді қосымша. Қосымшадағы «көмек сұрау» батырмасын басқаннан кейін, ең жақын құқық қорғау қызметкерлері жәбірленушінің орналасқан жеріне қысқа уақыт ішінде жетеді.

 

Іздеу
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады
Эрбильдегі дрон шабуылынан бір адам қаза тауып, жеті француз сарбазы жараланды
Пәкістан Кабул мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарына шабуыл жасады
Түркия Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына алаңдаулы
Бейрутта 2 адам қаза тапты
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті
Сегіз ел Израильдің Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне енгізген шектеулерін айыптады
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
«Израиль соғыс басталғалы 6 000-нан астам әуе соққысын жасады»
Президент Ердоған: «Соғыс ушықпай тұрып тоқтатылуы керек»
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді