Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бушби 28 жылға созылған, 29 елді аралап, шамамен 60 мың шақырым жол жүрген құрлықаралық сапарынан кейін Халл қаласында анасы тұратын үйге жетті.
Чилидің Пунта-Аренас қаласында басталып, Англияның Халл қаласында аяқталған сапары туралы айтқан Бушби қалада өзін қалың жұртшылықтың қарсы алуына қатысты: «Үйіне оралған ешкімді бұрын-соңды бұлай қарсы алмағанына сенімдімін. Бұл таңғаларлық жағдай», – деді.
Бушби уәде еткендей, бала кезінде тұрған үйінде өзін күтіп отырған 75 жастағы анасы Анджела Бушбимен 10 жылдан кейін алғаш рет жүзбе-жүз кездескенде: «Біраз өзгеріпсің. Күткенің үшін қуаныштымен», – деді.
Ал 2014 жылы соңғы рет көрген 36 жастағы ұлымен қауышқан Бушбидің анасы 12 жастағы немересін де алғаш рет көрді.
Өзін қарсы алған халыққа алғыс білдірген Бушби: «Мұнда жету үшін қаншама жерді жаяу жүріп өттім. Мен басып өткен елдердің көпшілігінде бейтаныс адамдар мұнда жетуіме көмектесу үшін үлкен жанашырлық танытты. Мен мұны жалғыз жасаған жоқпын. Біз үлкен команда болдық. Әлемдік команда», – деді.
Шамамен 40 мың шақырымдық жүріп өткен Бушби әлемді жаяу аралаған алғашқы адам атанды.
Сапарға шыққанда 29 жаста болған, бүгінде 57 жасқа толған Бушби құрлықаралық сапар арқылы үйіне оралу жоспарын 12 жылда жүзеге асыру үшін парашютші болып қызмет еткен Ұлыбритания армиясынан кеткен еді.
Ешқандай көлік құралын пайдаланбай, тек жаяу жүріп сапарын аяқтауды жоспарлаған Бушби 2006 жылы Беринг бұғазын мұз үстімен жүріп және жүзіп өткен болатын.
2025 жылдың ақпан айында Артвин арқылы Түркияға кірген Бушби қыркүйекте сапарының Болгариядағы кезеңін бастау үшін Едирнеден кеткен еді.
5 қазанда Франциядан Англияға жүзіп өткен Бушби 1 қарашада, сапарға шыққанына тура 28 жыл толған күні Халл қаласындағы әйгілі Хамбер көпірінен өтіп, қалаға кірген болатын.






















