ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
«Шабуылға дейін де, шабуыл кезінде де әуе базасында Түркияның әскери делегациясы болған жоқ».
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
Ұлттық қорғаныс министрлігінің Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі әрі министрліктің ресми өкілі Зеки Актүрік

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сириядағы Әбу Зухур әуе базасына жасаған шабуылына дейін де, шабуыл кезінде де онда түрік әскери делегациясы болмағанын мәлімдеді.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі әрі министрлік өкілі Зеки Актүрік апта сайынғы баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Актүрік Израильдің Газа жоспарын қабылдамай, аймақта шабуылдарын жалғастыруы бейбітшілік орнатуға кері әсер етіп отырғанын атап өтті.

«Израиль қол қойылған негіздемелік келісімге қарамастан, Ливанның оңтүстігіндегі шабуылдары мен әскери әрекеттерін жалғастырып келеді. Ал Сирияға жасаған соңғы шабуылдары елдің аумақтық тұтастығына, егемендігі мен бірлігіне қауіп төндіруде. /…/ Халықаралық қауымдастық Израильдің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін әрекеттеріне қарсы халықаралық құқық пен гуманитарлық құндылықтарды басшылыққа алып, нақты шара қабылдауы қажет екенін қайталаймыз», – деді ол.

Зеки Актүрік Израильдің 18 тамызда Сириядағы Әбу Зухур әуе базасына жасаған шабуылына дейін де, шабуыл кезінде де онда түрік әскери делегациясы болмағанын баса айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Сирияның Әбу Зухур әскери әуежайына шабуылдады

«Біздің басты мақсатымыз – аймақтың одан әрі қақтығыс пен тұрақсыздыққа тап болуына жол бермей, бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты ету. Осы тұрғыда Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, елде тұрақты әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыруға бағытталған жұмысымыз бен қолдауымыз табандылықпен жалғаса береді», – деді Актүрік.

 

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады