ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Трамп АҚШ-та өндірілмеген барлық фильмге 100% кеден салығын енгізуге бұйрық берді
АҚШ Президенті Дональд Трамп елде түсірілмеген барлық фильмге 100 пайыздық кеден салығы салынатынын мәлімдеді.
Трамп АҚШ-та өндірілмеген барлық фильмге 100% кеден салығын енгізуге бұйрық берді
/ AP


Ол Голливудтың шетелде жұмыс істейтін америкалық режиссерлер мен киностудиялар салдарынан «жойылу алдында тұрғанын» айтты.

Бұл мәлімдеме Ақ Үйдің әлем елдеріне қатысты кең ауқымды кедендік тарифтер енгізуінен туындаған қатал сауда саясатына байланысты сынның күшейіп тұрған шағында жарияланды.

Жексенбі күні “Truth Social” платформасында Трамп: «Сауда министрлігіне және АҚШ-тың Сауда өкіліне шетелде өндіріліп, елімізге әкелінетін барлық фильмдерге 100% кеден салығын енгізу процесін дереу бастауды тапсырдым», – деп жазды.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ-тың қатал сауда саясатынан ең көп зардап шеккен Қытай өткен ай АҚШ фильмдерін импорттауды қысқартатынын хабарлағаннан кейін жарияланды. Қытай АҚШ-тан келетін көптеген тауарға 145%-ға дейін кеден салығын енгізген болатын.

«Фильм индустриясы тез күйреп барады»

«Американың кино индустриясы өлімге қарай өте жылдам бет алып барады.
Басқа мемлекеттер біздің режиссерлеріміз бен студияларымызды елден кетуге ынталандыру үшін барынша жеңілдіктер ұсынып отыр», – деп жазды Трамп.

Ол сондай-ақ «Голливуд және АҚШ-тың басқа да көптеген саласы күйреуде. Бұл — ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп», – деп қосты.

Бұл шешімнің кино өндірісіне қалай әсер ететіні және кеден салығының нақты қалай жүзеге асырылатыны әзірге белгісіз.

Трамптың мәлімдемесінде экран үшін барған сайын табысты салаға айналған телесериалдар туралы ештеңе айтылмаған.

Қытай

Трамп АҚШ-тың Қытайды қоса алғанда көптеген елмен сауда келісімдері бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын және Қытаймен басты мақсаты әділ сауда келісіміне қол жеткізу екенін айтты.

“Air Force One “бортында журналистерге берген сұхбатында Трамп бұл аптада Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарламағанын,
алайда америкалық ресми тұлғалардың Қытай өкілдерімен әртүрлі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді.

Одан осы аптада қандай да бір сауда келісімінің жариялануы мүмкін бе деп сұралғанда, Трамп: «Бұл өте ықтимал», – деп жауап берді, бірақ нақты мәлімет берген жоқ.

Іздеу
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Түркияның ЕО елдеріне экспорты 71,8 миллиард долларға жетті
Түркияның экспорты  25,6 миллиард долларды құрады
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
“BMW” 2027 жылдың соңына дейін Германияда 8 000 адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Армения премьер-министрі  Түркия және Әзербайжанмен энергетикалық байланыстарды тереңдетуге шақырды
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Ормуз бұғазы кеме қатынасына қайта ашылады
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Шығыс Қаратеңіз аймағынан 115 елге 831 миллион доллардан асатын экспорт жасалды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды