ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль армиясы Батыс Шерияда бес көне жәдігерді тәркіледі
Куәгерлердің айтуынша, Израиль әскері таулы аймаққа рейд жасап, археологиялық нысаннан Византия дәуіріне жататын тарихи бағандарды тәркіледі.
Израиль армиясы Батыс Шерияда бес көне жәдігерді тәркіледі
Израиль армиясы Батыс Шерияда бес көне жәдігерді тәркіледі / AFP

Куәгерлердің айтуынша, кеше Израиль армиясы басып алынған Батыс Шериядағы Мезра аш-Шаркия елді мекенінде бес тарихи жәдігерді тәркіледі.

Куәгерлер Израиль әскерінің Израиль азаматтық әкімшілігі бөлімшелерімен бірге елді мекеннің таулы аймағына басып кіріп, археологиялық алаңнан Византия дәуіріне тиесілі бес тарихи бағанды алып кеткенін хабарлады.

Израиль медиасында жарияланған соңғы ақпаратта бағандардың тәркіленуіне палестиналықтардың бұл аймақта құрылыс жүргізіп, тарихи ескерткіштерге зиян келтіргені туралы айыптаулар себеп болғаны алға тартылды.

Палестина Туризм және Ескі жәдігерлер министрі Хани әл-Хаяк Израиль шабуылдарының 316 археологиялық және тарихи нысанды толық немесе жартылай жойғанын, бұл әрекеттердің «Палестина тарихын жоюды мақсат ететін соғыс қылмыстары» екенін атап өтті.

Палестина Азаттық ұйымы жанындағы Қабырға және қоныстарға қарсы күрес комиссиясының басшысы Муайяд Шаабан бұған дейін Израильдің Батыс Шерияда Наблус маңындағы Себастия және Бурка елді мекендерінде археологиялық орындарды қорғау сылтауымен 4 600 шаршы метр жерді тартып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»