ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ: “Суданда сөзбен жеткізгісіз қасірет”
Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық көмек жөніндегі жоғары лауазымды өкілі Суданның Солтүстік Дарфур штатындағы босқынға айналған азаматтардың тартқан азабын “сөзбен жеткізу мүмкін емес” деп сипаттап, құтылып шыққандардың жартысынан астамы балал
БҰҰ: “Суданда сөзбен жеткізгісіз қасірет”
Әл-Афад лагерінде Әл-Фаширден қоныс аударған судандық отбасылар азық-түлік көмегін алу үшін кезекке тұрды. / AP

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және Төтенше көмек үйлестірушісі Том Флетчер жексенбі күні “X” желісінде: “Тавилада сөзбен айтып жеткізгісіз қасірет. Қашып шыққандардың жартысынан көбі – балалар”, деп жазды.

Флетчердің айтуынша, “Шабуылдан аман қалып, лагерьге кірген жаралы әйел жанында құрдасының аштықтан әбден әлсіреген баласын ұстап келе жатты. Олар әлемнен көмектің келіп келмейтінін сұрайды.

БҰҰ гуманитарлық агенттігі “Facebook” арқылы Флетчердің Тавилада болғанын және “бар болғаны бірнеше апта бұрын Фаширден қашқан әйелдермен кездескенін” хабарлады.

БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының дерегінше, Флетчер Батыс Дарфурдағы Джунейна мен Орталық Дарфурдағы Залингейді де аралаған.

Аптаның басында Флетчер елдің шығысындағы Порт-Суданға барып, Суданның Өтпелі Егемендік кеңесінің төрағасы Абделфаттах әл-Бурханмен кездесті.

Алаңдатарлық деректер

Халықаралық көші-қон ұйымы 26 қазаннан бері Фашир мен оған жақын ауылдардан қоныс аударғандардың жалпы саны 99 000-нан асқанын болжайды.

Өткен айда Жедел Қолдау Күштері Солтүстік Дарфурдың астанасы Фаширді басып алып, қырғын жасады деген айыптаулар түскен еді.

Бұл топ Суданның 18 штатының ішіндегі бес Дарфур штатының барлығын бақылауда ұстап отыр, ал армия астана Хартумды қоса алғанда қалған 13 штаттың басым бөлігін басқарады.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды