ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Жаңа Зеландиядағы шабуылдың алтыншы жылында исламофобиямен күресуге уәде берді
2019 жылы австралиялық ақ нәсілділердің үстемдігін жақтаушы Крайстчерч қаласындағы Әл-Нұр мешіті мен Линвуд ислам орталығына шабуыл жасап, 51 адам қаза тауып, 40 адам жараланған болатын.
Түркия Жаңа Зеландиядағы шабуылдың алтыншы жылында исламофобиямен күресуге уәде берді
/ Public domain

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітке жасалған лаңкестік шабуылдың алтыншы жылдығындаТүркия исламофобия мен мұсылмандарға қарсы өшпенділікпен күреске деген маңызды шешімін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігі сенбі күні Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күніне орай жасаған мәлімдемесінде «Түркия исламға деген өшпенділікпен күресуге бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын»,– деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде исламофобия тек мұсылмандар үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен әлеуметтік үйлесімге үлкен қауіп төндіретіні айтылды. Шабуылда қаза тапқан 51 адам құрметпен еске алынды.

«Ислам құндылықтарына жасалып жатқан шабуылдар халықаралық қауымдастықтың исламға қарсы өшпенділікке қарсы күресті күшейту қажеттігін көрсетеді», – деп мәлімдеді министрлік.

2019 жылдың 15 наурызында австралиялық ақ нәсілді үстемшіл лаңкес Брентон Таррант Крайстчерч қаласындағы Әл-Нұр мешіті мен Линвуд Ислам орталығында 51 адамды өлтіріп, 40 адамды жарақаттады.

2020 жылы Таррантты шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, бұл арал елінде алғаш шығарылған ауыр үкім болатын.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты