ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Трамп Венесуэладағы есірткі контрабандасына қарсы әскери операция жариялады
Президент Трамп АҚШ-тың Венесуэланың теңіздегі есірткі контрабандасын тоқтатқанын және құрлықтағы операцияларды бастауға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Трамп Венесуэладағы есірткі контрабандасына қарсы әскери операция жариялады
Трамп Венесуэладағы есірткі контрабандасына қарсы әскери операция жариялады / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ-тың жақын арада құрлықта әрекет ететін венесуэлалық есірткі тасымалдаушыларын нысанаға алуға кірісетінін айтты.

Трамп Америка әскерлерімен өткізген онлайн кездесуде: «Бәлкім байқаған шығарсыздар, адамдар енді теңіз арқылы жеткізгісі келмейді, ал біз оларды құрлықта да тоқтатуды бастаймыз. Құрлық анағұрлым оңай, әрі жақында басталады»,- деді.

Венесуэла Ақпарат министрлігі бұл мәселе бойынша дереу жауап бермеді.

Трамп әкімшілігі америкалықтардың өліміне әкеп соққан заңсыз есірткі тасымалына Николас Мадуроның қатысы бар деген айыптауларға байланысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. Ал Мадуро заңсыз есірткі саудасына қатысы бар екенін толықтай жоққа шығаруда.

Өңірдегі АҚШ армиясы қолдарындағы әскери күштің әлдеқайда жоғары болғанына қарамастан, осы кезге дейін тек қана есірткіге қарсы операцияларға назар аударып келді.

АҚШ күштері қыркүйек айынан бері Кариб теңізі мен Тынық мұхитында күдікке ілінген есірткі қайықтарына кемінде 21 шабуыл жасап, 83 адамды өлтірген.

Венесуэламен қарым-қатынас шиеленіскеннен кейін АҚШ армиясының Карибке әскер орналастыруы ықтимал операция жөніндегі хабарлардың соңғы апталарда жылдам артуына жол ашты.

«Reuters» төрт АҚШ шенеунігіне сілтеме жасап, сенбі күні АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты операциялардың жаңа кезеңін бастауға дайын екенін хабарлады.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады