ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Рим Папасы XIV Лео Түркияда
Папа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, маңызды қалаларды аралап, діни рәсімдерге қатысады.
Рим Папасы XIV Лео Түркияда
Рим Папасы XIV Лео Түркияда / AA

Папа XIV Лео алғашқы ресми сапары аясында бейсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.  Әуежайға қонған сәтте ол жаһандық бейбітшіліктің маңызын атап өтіп, бұл сапардың әлемге осы құндылықты еске салуға ықпал ететініне үміт білдірді.

Папаны әуежайда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және басқа да шенеуніктер қарсы алды.
Сапарға Кардинал Пьетро Паролин, архиепископ Пол Ричард Галлахер бастаған Ватикан делегациясы да қатысуда.

Папа папалық таңбамен безендірілген «ITA Airways» компаниясының арнайы ұшағымен келді және сапарды бақылап жүрген 70-тен астам журналиспен сәлемдесті.
Ол бұл сапарды жүзеге асырып отырғанына қуанышты екенін айтып, оның барлық христиандар мен жалпы әлем үшін маңызын ескеріп, бұл сапарды үлкен ықыласпен күткенін жеткізді.

Папа Түркия мен Ливандағы бағдарламаларына тоқталып, бүкіл әлем үшін бейбітшіліктің маңызын тағы бір мәрте атап өтті.
Дін мен сенім айырмашылықтарына қарамастан адамзатты бейбітшілік үшін бірігуге шақырды және бейбітшілік пен жаһандық бірлікке үлес қоса алатынына үміт білдірді.

Сапар Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына арналған Анытқабірдегі рәсіммен басталады.
Одан кейін Папа Президенттік Кешенде ресми салтанатпен қарсы алынады. Мұнда ол президент Режеп Тайып Ердоғанмен Түркия-Ватикан қатынастары, Палестинадағы ахуал, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхананың «Жиханнүма» залында баспасөз мәслихатын өткізуі жоспарланған.  Бұл кітапхана ˗ әлемдегі үшінші ең үлкен кітапхана.

Жұма күні Папа Стамбулда «Saint Esprit» шіркеуінде христиан дін қызметкерлерімен кездеседі, Француз Йоксулхане қарттар үйіне барады және тікұшақпен Изникке ұшып, онда діни рәсімге қатысады.

Сенбі күні Папа Сұлтанахмет мешітін және Мор Ефрем шіркеуін зиярат етеді. Сондай-ақ патриарх Барфоломеймен кездесіп, «Volkswagen Arena»-да өтетін діни рәсімге қатысады.

Папа 27–30 қараша күндері Анкара, Стамбул және Изник қалаларын аралайды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды