ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газаға көмек жеткізген керуен үстінен үш дрон ұшқаны байқалды
«Магриб Сумуд» керуенінің өкілі үш дронның жақындағанын және олардың біреуінің Тунис кемелерінің үстінен көрінгенін хабарлады.
Газаға көмек жеткізген керуен үстінен үш дрон ұшқаны байқалды
Мағриб флотилиясы 50-ге жуық кемеден тұратын ғаламдық «Сумуд» флотилиясының бөлігі болып табылады / Reuters Archive

«Магриб Сумуд» керуені Жерорта теңізінде кемелерінің үстінен белгісіз үш дронның айналып жүргенін мәлімдеді.

Керуеннің өкілі Уаэль Науар жексенбі күні “Facebook”-та жариялаған хабарламасында:
«Үш дрон үстімізден ұшып жүр, олардың бірі өте жақындады», - деді.

Науардың айтуынша, тағы бір дрон Тунис кемелерінің бірі «Дейр Ясиннің» үстінен байқалған. Сондай-ақ ол сенбі күні де ұқсас ұшқышсыз ұшақтың әрекеті тіркелгенін қосты.

Солтүстік Африкадан шыққан 23 кемеден тұратын «Магриб» керуені Еуропа, Латын Америкасы, АҚШ, Пәкістан, Үндістан және Малайзиядан келген шамамен 50 кемені қамтитын «Жаһандық Сумуд» флотилиясының бір бөлігі. Флотилия — Газаға жетуді көздеген ең ірі бастама.

Газада 2,4 миллион палестиналық 18 жылдан бері Израильдің қоршауында геноцид жағдайында өмір сүріп келеді. Израиль бұған дейін Газаға бағытталған кемелерді тоқтатып, тәркілеп, ішіндегі адамдарды елден шығарған еді.

Жақында Израильдің Газада геноцид жасап жатқанын анықтаған БҰҰ зерттеушілері 2023 жылғы қазан айынан бері аймақта 65 мыңнан астам адамның қаза тапқанын хабарлады.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді