ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Франция Президентінің жұбайына жала жабылуына байланысты сот ісі қозғалды
Сот ісінде Кандейс Оуэнс танымал подкастын пайдаланып, Макрондар туралы "ақиқатты растай алмайтын, бірақ зиян келтіретін жалған мәлімдемелер таратты" деп айыпталып отыр.
Франция Президентінің жұбайына жала жабылуына байланысты сот ісі қозғалды
/ Reuters

Франция Президенті мен жұбайының адвокаты АҚШ-тың консервативті инфлюенсері Кандейс Оуэнс Франция Президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макрон ер адам болып туған деген айыптауларын жалғастыра беретін болса, "елеулі" өтемақы талап етілетінін мәлімдеді.

Адвокат Том Клэр “CNN” арнасына берген сұхбатында сәрсенбі күні Делавэр сотына Макрондар атынан берілген жала жабу ісі Оуэнспен бір жылға созылған нәтижесіз диалогтан кейін "шын мәнінде соңғы амал" болғанын айтып, Оуэнстен "дұрысын жасап, шындықты айтуын және бұл жалған ақпаратты таратуды тоқтатуын" талап еткендерін жеткізді.

"Әр жолы Оуэнс Макрон жұбын мазақ етті, біздің күш-жігерімізді менсінбеді", - деді Клэр. "Енді жетер, оны жауапқа тартатын уақыт келді", - деп қосты ол.

Клэрдің айтуынша, Оуэнске қарсы шағым Брижит Макронның "әйел ретінде туғанын және әрқашан әйел болғанын" дәлелдейтін "кең ауқымды айғақтарды" қамтиды. "Біз келтірілген зиян үшін өтемақыны сотта талап етеміз, бірақ егер Оуэнс сот отырысына дейін бұл мәлімдемелерді жалғастыра берсе, талап етілетін өтемақы мөлшері айтарлықтай жоғары болады", - деді ол.

Франция Президентінің кеңсесі бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Жұп 2007 жылы үйленген, ал Эммануэль Макрон 2017 жылдан бастап Франция Президенті қызметін атқарып келеді.

Олар алғаш рет Эммануэль Макрон оқушы, ал Брижит Макрон мұғалім болып жұмыс істеген лицейде танысқан. Ол кезде Брижит Макрон үш баланың анасы, әрі Брижит Озиер есімді тұрмыстағы әйел болған.

Эммануэль Макрон мектепті бітіру үшін Парижге көшті, алайда Брижитке үйленуге уәде берді. Кейін Брижит Парижге көшіп келіп, ажырасты және соңында екеуі үйленді.

Іздеу
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Францияда наразылық шерулері жалғасуда
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Хоуситтер Сауд Арабиясының әуежайлары мен әскери базаларына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Газадағы әйелдердің үш жылға созылған қасіреті
Газаға үш жылда 223 мың тонна бомба тасталды
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды