ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке "Ататүрік" халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады
Президент өңірлік қақтығыстың алдын алу үшін дипломатияның маңызын атап өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының бірігуі керектігін айтты.
Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке "Ататүрік" халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады
Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке "Ататүрік" халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен салтанатты рәсімде БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришке Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады.

Ердоған бейсенбі күнгі рәсімде, БҰҰ басшысының бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Түркияның халықаралық ұйымды күшейтуге бағытталған ұстанымы өзгермейтінін атап өтті.

“Әділетсіздік болса, дамуға да, бейбітшілікке де, тұрақтылыққа да жету мүмкін емес деп сенетін көшбасшы ретінде біз БҰҰ-ны бәрін қамтитын ұйым ету жолындағы жұмысын барынша қолдауға дайынбыз”, -деді ол.

Президент сондай-ақ Анкараның Таяу Шығыста күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған дипломатиялық әрекеттеріне де тоқталды. Ердоған Иранға байланысты зорлық-зомбылықтың ушығуы өңірді кең ауқымды апатқа алып келуі мүмкін екенін ескертіп, Түркия қақтығыстың одан әрі таралмауы үшін белсенді дипломатиялық жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Президент АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы диалогқа кедергі жасалғанына қарамастан, Анкара дипломатиялық шешімдерді сабырмен әрі табанды түрде жалғастыратынын жеткізді.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді