СПОРТ
2 ... минут оқылды
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
Түркия ұлттық құрамасының футболшысы 2023 жылы испаниялық клубқа ауысқаннан бері 126 матч өткізіп, 22 гол соқты және 32 нәтижелі пас берді.
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер / َAA

Мадридтің «Реал» клубы түрік футболшы Арда Гүлермен келісімшарттың 2032 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылғанын хабарлады.

Клуб сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде: «Реал Мадрид» футбол клубы мен Арда Гүлер келісімшартты 2032 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту жөнінде келісімге келді», – деді.

21 жастағы жартылай қорғаушы 2023 жылдың шілде айында 18 жасында «Фенербахчеден» «Реал Мадридке» ауысқан болатын.

Арда Гүлер мадридтік клубқа қосылғаннан бері барлық турнирде 126 матч өткізіп, 22 гол соқты және 32 нәтижелі пас берді.

Түрік футболшы осы маусымда 14 матчқа қатысып, 4 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді. Оның ішінде Испания чемпионаты Ла Лигада өткізген 12 кездесуде 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Арда Гүлер «Реал Мадрид» тарихында із қалдыруды мақсат етеді

Арда Гүлер келісімшартты ұзартқаннан кейін атақты испаниялық клубта мансабын жалғастыратынын мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізгісі келетінін жеткізді.

«Менің арманым – ұзақ жылдар бойы осы клубтың жейдесін киіп, командамен бірге жаңа чемпиондық атақтарға қол жеткізу және клуб тарихында із қалдыру. «Реал Мадридтің» жейдесін алғаш киген сәтте-ақ тарихы терең клубтың бір бөлігіне айналғанымды түсіндім. Бүгін де сол мақтаныш пен қуанышты сезінемін. Алайда қазір мойнымдағы жауапкершілік бұрынғыдан да зор», – деді Гүлер.

Сондай-ақ футболшы клуб президенті Флорентино Переске, отбасына, командаластарына, жаттықтырушылар құрамына, клуб қызметкерлеріне және әлемнің түкпір-түкпіріндегі «Реал Мадрид» жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Мен әлі де осы клубтың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деді ол.

Арда Гүлер осы уақытқа дейін «Реал Мадрид» сапында УЕФА Чемпиондар лигасы, ФИФА әлем чемпионаты, УЕФА Суперкубогы, Испания чемпионаты Ла Лига және Испания Суперкубогы сияқты бес бірдей трофей жеңіп алды.

Сонымен қатар Түркия ұлттық құрамасы сапында 38 матч өткізді.

Қыркүйек айында Арда Гүлер 2025–2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы маусымындағы жетістігі үшін «Жылдың үздік жас таланты»  марапатына ие болды.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”