ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жанартау атқылауы мен Камчаткадағы жер сілкінісі байланысты болуы мүмкін
Шамамен 600 жылдан кейін алғаш рет атқылаған Крашенинников жанартауы өткен аптада Ресейдің Қиыр Шығысында болған қатты жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін.
Жанартау атқылауы мен Камчаткадағы жер сілкінісі байланысты болуы мүмкін
/ Reuters

Бұл ақпаратты жексенбі күні Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі “РИА Новости” мен ғалымдар хабарлады.

“РИА”  агенттігі Камчаткадағы Жанартау атқылауына әрекет тобының жетекшісі Ольга Гиринаның: "Бұл — Крашенинников жанартауының 600 жыл ішінде тіркелген алғашқы атқылауы,"-  сөзіне сілтеме жасады.

Гирина сәрсенбі күні Француз Полинезиясы мен Чили сияқты алыс аймақтарда цунами ескертуіне себеп болған жер сілкінісі Камчатка түбегіндегі ең белсенді Ключевской мен Крашенинников жанартауларының бір мезгілде атқылауымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Ресей Ғылым академиясының жанындағы Вулканология және сейсмология институтының “Telegram” арнасында Гирина Крашенинников жанартауында 1463 жылдан бері ешқандай атқылау тіркелмегенін мәлімдеді.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Камчаткадағы бөлімшесі атқылаудан кейін 6 000 метр биіктікке дейін жеткен күл бұлты көтерілгенін хабарлады.

Крашенинников жанартауының биіктігі — 1 856 метр.

Министрлік “Telegram”-да жариялаған хабарламасында: "Күл бұлты шығысқа, Тынық мұхиты бағытына қарай қозғалды. Ол бағытта орналасқан елді мекендер жоқ," - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар министрлік жанартау атқылауынан кейін авиация үшін жоғары қауіп деңгейін білдіретін қызғылт сары авиациялық код жарияланғанын, бұл ұшақтар үшін қауіптің артқанын білдіретінін атап өтті.

Іздеу
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды