ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мамыр айының соңынан бері Газада гуманитарлық көмек іздеген шамамен 1800 адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы гуманитарлық көмек таратылатын аймақтар мен көмек керуені өтетін бағыттарға жақын жерлерде Израиль күштерінің шабуылынан көптеген адамның қаза тапқанын хабарлады.
Мамыр айының соңынан бері Газада гуманитарлық көмек іздеген шамамен 1800 адам қаза тапты
/ AFP

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі басқармасы мамыр айының соңынан бері Газада көмек іздеген кемінде 1 760 палестиналықтың қаза тапқанын және тамыздың басында бұл көрсеткіштің артқанын хабарлады.

БҰҰ басқармасы мәлімдемесінде: «27 мамырдан бастап 13 тамызға дейін гуманитарлық көмек іздеген кемінде 1 760 палестиналық қаза тапты. Олардың 994-і Газадағы гуманитарлық көмек қоры аймақтарында, 766-сы гуманитарлық көмек жеткізетін керуендердің бағытына жақын жерлерде қайтыс болды. Олардың көпшілігі Израиль күштерінің шабуылынан көз жұмды», — деп хабарлады.

1 тамызда бұл көрсеткіш 1 373 деп жарияланған болатын.

Көмек көрсету орталықтары емес, өлім тұзағы

Газаның Азаматтық қорғаныс ұйымы жұма күні Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 38 адамның қаза тапқанын, олардың 12-сінің гуманитарлық көмек кезегінде көз жұмғанын хабарлады.

Израиль армиясы өз бөлімшелерінің Хамастың әскери әлеуетін жою үшін жұмыс істеп жатқанын және бейбіт тұрғындардың өлімін азайту үшін шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Израиль армиясы бас штабының басшысы Газада «Хамасты жеңу және қалған тұтқындарды босату» мақсатында жаңа құрлық операциясының мақұлданғанын хабарлаған болатын.

Газа мен оның айналасындағы босқындар лагеріне, яғни халық ең тығыз қоныстанған аймақтарға шабуыл жасалуы мүмкін.  

Израиль үкіметінің геноцидті кеңейту жоспарына халықаралық қауымдастық пен жергілікті халық наразылық білдірді. БҰҰ қолдайтын сарапшылар Израиль гуманитарлық көмекті қатаң шектегеннен кейін Газада жаппай аштық жүріп жатқанын ескертті.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты