Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Канада премьер-министрі Марк Карнидің президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 22–23 қазан күндері Түркияға ресми сапармен келетінін хабарлады.
Дуран тарихи маңызы зор бұл сапар аясында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру көзделіп отырғанын атап өтті.
Ол өз мәлімдемесінде былай деді: «Сапар аясында өтетін келіссөздерде Түркия мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыттары жан-жақты қарастырылып, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жолындағы нақты қадамдар талқыланады. Сонымен қатар өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі саласына қатысты бірқатар келісімге қол қою да жоспарлануда».























