САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуропа Израильді Батыс Шерияны аннексиялау жоспары бойынша ескертті
Бұл ескерту Ұлыбритания, Канада және Австралия Палестинаны мойындағаннан кейін Нетаньяху Израильдің Батыс Шерияның кейбір бөліктерін аннексиялауы мүмкін екенін білдіргеннен кейін жасалды.
Еуропа Израильді Батыс Шерияны аннексиялау жоспары бойынша ескертті
/ AA

Еуропа Израильдің басып алынған Батыс Шерияның кейбір бөліктерін аннексиялау жоспарына байланысты қатаң ескерту жасады.

Израильдің “Channel 12” телеарнасының жексенбі күнгі мәліметіне сәйкес, бірнеше еуропалық шенеунік Израиль үкіметіне Палестина жерінің кейбір бөліктерін аннексиялау мүмкіндігі туралы мәлімдемесінен кейін қатаң ескерту жеткізген.

Еуропа шенеуніктері “Егер Беньямин Нетаньяху мен оның үкіметі Таяу Шығыстағы барша нәрсені жойғысы келсе, оның салдарын көтеруге мәжбүр болады,” деп ескерткен.

Бұл ескерту Нетаньяхудың Ұлыбритания, Канада және Австралияның Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімдеріне жауап ретінде Батыс Шерияның кейбір аймақтарын аннексиялау мүмкіндігін меңзеген мәлімдемесінен кейін жасалды.

Израиль Премьер-министрінің кеңсесі таратқан бейне хабарламада Нетаньяху Палестинаны мойындаған елдерді “терроризмді марапаттауда” деп айыптады.

Ол Израильдің Палестина мемлекетін құруға ұзақ уақыт бойы жол бермегенін және бұл ұстанымды жалғастыратынын мәлімдеді.

Нетаньяху сондай-ақ Израильдің басып алынған Палестина жерінде заңсыз еврей қоныстарын екі есеге арттырғанын мақтанышпен айтып, оларды кеңейтуді жалғастыратынын және Палестина мемлекетін құруға жол бермейтінін атап өтті.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті